№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Таксистер мен курьерлердің салығында өзгеріс бар

Таксистер мен курьерлердің салығында өзгеріс бар



Яндекс, Uber, Wolt және Glovo сияқты түрлі онлайн-платформаларда жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен курьерлер әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосылады.
Енді бұл санаттағы азаматтар "тәуелсіз жұмысшы" деп аталады. Яғни табыс әкелетін қызметпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға. Мұндай қызметкерлер онлайн-платформалар офертасына қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы қызмет атқарса, онда олар ресми жұмыспен қамтылды деп танылады.
Онлайн-платформалардың операторлары қолданыстағы салық режиміне сәйкес жұмысшылары үшін салық төлеп, әлеуметтік аударымдарды аударады. Осыдан кейін такси жүргізушілері мен курьерлер республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлем алуға құқылы болады.
08 шілде 2023 ж. 159 0