» » Әлеуметтік аударымдар мөлшері азайды

Әлеуметтік аударымдар мөлшері азайды


Сақтандыру жүйесіндегі өзгерістерге байланысты жұмыс берушілер, жалдамалы жұмысшылар және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар міндетті әлеуметтік сақтандыру жарнасын төлеу көзделген.
Осыған байланысты «Әлеуметтік төлемдердің ведомсволық есептеу орталығы»  департаменті Жаңақорған аудандық бөлімшесінің басшысы Алия Аблаева журналистерге брифинг берді. Басқосуда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер жайында өрбіді.
 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру мөлшері өзгерді. Нақтырақ айтсақ, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 3,5 пайызы аударылуда. Бұл жөнінде Алия Аблаева:
–Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олар өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 3,5 пайызын құрайды. Осыған сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері 990 тг.( ЕТЖ * 3,5% = 28 284 теңге * 3,5% = 989,94 = 990 теңге) және ең жоғарғы мөлшері 9900тг. (10 ЕТЖ * 3,5% = 282 840 * 3,5% = 9 899,4 = 9 900 теңге) құрады(ЕТЖ –тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшері), –деді.
– Уақыттылы аударым жасалмаған жағдайда қандай жауапкершілік артылады?
– Әлеуметтiк аударымдардың уақтылы аударылмаған сомаларын төлеушi оларды мерзiмi өткен әрбір күн үшiн (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге Қордың шотына аударуға тиiс, – деді Алия Әуелбекқызы.
Айта өтуіміз керек, Заңның 8-бабына сәйкес,  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады. Бұл ретте, жұмыс істейтін зейнет жасына жеткен ер кісілер – 63 жас және әйел кісілер – 58 жыл 6 ай жасындағыларға әлеуметтік аударымдар аудару тоқтатылады.
Әлеуметтік төлемдердің ведомсволық есептеу орталығы»  департаменті Жаңақорған аудандық бөлімшесінің басшысы Алия Аблаева брифинг барысында әр азамат өзі үшін ақпаратты  мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы тегін түрде алуына болатынын, сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» АҚ gfss.kzсайтынан  міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпаратты білуге болатынын айтты.
Мақпал Марқабай.
13 маусым 2018 ж. 1 215 4

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 04:21
Levitra En Generique Cephalexin Oral Suspension Dosage How To Buy Legally Pyridium Visa Medication Overseas viagra online pharmacy Comprar Cialis Valencia

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 04:35
Cialis 20 Mg Efectos Secundarios Que Proscar Vs Propecia generic cialis from india Achat Ligne Kamagra Quebec Order Periactin

looklit от 23 маусым 2019 14:49
Отдых в Украине tbetu.com.ua Лучший отдых - это Кирилловка www.tbetu.com.ua

aviales от 25 маусым 2019 13:39
Новости авиации www.aviahot.news Новости частной и малой авиации aviahot.news Детали на сайте - https://www.aviahot.news