№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әділетті қоғамды адал адамдар жасайды

Әділетті қоғамды адал адамдар жасайды

Түркістан қаласында өткен ұлттық құрылтайдың жалпы мазмұнынан кемел ұлт болуға ұмтылған келешегіміздің сипаты осылай жаңару керектігін ой-санамызда қорытқандай болдық. Құрылтайдың алғашқы күнінде мәдениет, өнер және руханият, білім және ғылым бағыттары тақырыбында 50-ден астам спикер сөз алып, басқосудың мобильдік қосымшасында 11 тақырып бойынша 424 ұсыныс келіп түсті.

Екінші күнгі негізгі жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым алдында сөз алып, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын ой-толғамдарын ортаға салды.
– Ата-бабаларымыз қай кезде маңызды шешім қабылдайтын сәтте құрылтай шақырған. Құрылтайдың алғашқы отырысы мемлекеттігіміздің негізі қаланған ұлт ұясы саналар Ұлытауда өткен болатын. Ал бүгінгі басқосуымыз бүкіл түркі халықтары үшін киелі саналатын, бауырлас халықтарға ілім-білім таратқан киелі шаһарда ұйымдастырылып отыр, - деді ол.

Ұлы дала төрінде Жошы хан әулеті Кеңесары ханға дейін алты ғасыр уақыт ел басқарды.
Біз қазір бабаларымыз кеңес құрған әйгілі Күлтөбенің іргесінде отырмыз. Қазақ рухының Қағбасы деп атаған Ордабасы да осы жерге тиіп тұр.
Ұлт тағдыры сынға түскенде ел болашағын айқындаған, бір ел, бір халық болып сыртқы қатерге қарсы тұрған халықтың осы мәртебелі миссиясын жалғастыра береріне сенім білдірген Қасым-Жомарт Кемелұлы кешеден бері талқыланып жатқан тақырыптар төңірегінде мақсатты міндеттерді белгіледі.

Бұл белгіленген міндеттер баянды жүзеге асу үшін ең бірінші не қажет? Біз Ата заңымызға әділдік рухын сіңіре отырып, конституциялық реформаны жасап шықтық. Бұл өзгерістер мемлекетіміздің тұғырын бекіте түсті. Сонымен бірге еліміздің ұзақ мерзімге бағдарланған демократиялық бағдарын айқындап берді.

Мұны мемлекетіміздің осыдан екі-үш жыл бұрынғы қалпынан өзгерген тыныс ахуалынан байқауға болады. Бұл туралы: «Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес, бұған қоғам болып жұмылуымыз керек. Түпкі мақсатымызға жету үшін саясиэкономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы, халқымыздың дүниетанымы өзгеруі керек.

«Шын мәнінде біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрайды. Бұл бірбірімен тығыз байланысты ұғымдар. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса әділдік орнайды.

Мемлекет тұғырын нығайтуда Ұлттық брендтің танымалдығын арттыру, ортақ стандартты, бірыңғай кодты тұрақтандырудың маңызына тоқталған Президент елімізде қалалардың, аймақтардың таңбасын бірыңғай үлгіге келтіру тәртібіне ден қойылатынын айтты. Алдағы уақытта мемлекеттік наградалардың мәртебесі айқындалады, яғни оны ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрдің ізімен қажырлы еңбегімен
мемлекетімізді өркендетіп, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген мұғалім, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, кенші, өзге де салаларда тер төгіп жүрген қарапайым еңбек адамдарына берілуі тиіс. Президент бұл бағытта әрбір орден мен медальға терең мағына дарытып, ұлт тарихындағы көрнекі тұлғалардың атын беру тарихи әділеттілік болатынын айтты.

Президент сонымен қатар өзінің тапсырмасымен төл Қазақстан тарихының жаңа ғылыми ұстанымдарға негізделген академиялық үлгідегі жинағы дайындалып жатқанын айтты. Ономастика саласын да тәртіпке келтіру, соңғы кезде мемлекеттің емес, туысқандардың таласына айналып бара жатқан дағдыға тұсау салу, ономастикада ұлттық басымдықтар, аймақтық ерекшеліктерді ескерілуі қажеттігі айтылды. Үшінші, мәдени мұрамызды дәріптеу, ұлттық брендті қалыптасыру талаптары нақтыланды. Бұл арқылы мемлекеттің жанды имиджі қалыптасады. Шын мәнінде қазақтың мәдениеті сан түрлі саланы қамтиды. Ата-бабадан мирас мол мұрамызды заман талабына сай жаңғыртып, жер жүзіне насихаттаудың маңызы үлкен. Бұл бағытта тарихы бай Қожахмет Яссауи кесенесінің ұлт руханиятындағы ерекше орны туралы айтты. Бұдан бөлек елімізде бірнеше нысан трансұлттық аталымдар бойынша ЮНЕСКО тізіміне енгізуге ұсыныс беріліпті. Оның ішінде Бурабай, Марқакөл қорықтары да бар .

«Нағыз еңбек адамы – істің адамы, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат. Ал жауапсыздық салдары неге апарып соқтырарын кешегі өрт оқиғасы көрсетті. Шын мәнінде сын сағатта кімнің кім екені анық көрінеді» деген Мемлекет басшысы қоғамды іштен ірітетін жағымсыз дүниелер көбейіп бара жатқанын, өздерін қылмыс әлемінің серкелері санайтын криминалды топ басшылары бар екенін, әсіресе жастар соларға еліктейтінін айтып, өркениетті ел ретінде халқымыздың дүниетанымына жат нәрселерден аулақ болуды ескертті. Ол үшін оқу-ағарту жұмысын күшейтуіміз керек. Жас ұрпақтың сыни тұрғыдан ойлауы маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз керек. Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістерді ендіру маңызды. Бұған қоғам болып атсалысуымыз керек.

Бесінші. Ақпарат саясатының тиімділігін арттыру қоғам қауіпсіздігінің маңызды бір тетігі болып саналады. Мұның ішінде креативті индустрияны дамыту, масс-медианың билік пен қоғам аоамындағы пәрменді байланыс орнату құралы екенінде дау жоқ. Ақпарат құралында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарарт саясатын түбегейлі қарау, креативті индустрияны жаңа деңгейге көтеру талаптары қойылды.

Идеология жұмысындағы басты мәселе – кітап басып шығару. Қазақстан нарығында шетел өнімдері басым, әдебиеттің 90 бөлігі сырттан келеді. Бұл үрдістің салдары қандай болғанын өмір көрсетіп отыр. Ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басу маңызды. Смартфон кітап орнын баспауы керек. Еліміздегі мектеп кітапханаларында 130 млн кітап бар екен, оның ішінде көркем әдебиеттің үлесі мардымсыз. Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады.

Балалардың кітапқа құштарлығын оятуда «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны ендіру, қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын тізімдегі кітаптардың барлығы балаға қолжетімді болу керектігі жөнінде тапсырма жүктеді. Алдағы кезеңде, өзі жақында Анкара қаласында көріп қайтқанындай, 24 сағат жұмыс істейтін, дүниежүзі озық әдебиеттерімен қамтылған Президент кітапханасы іске қосылса деген тілегімен бөлісті.

Президент техникалық жағынан тиімді «Тик-ток» платформасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуді қолдайтынын айтты. Қазір батыс елдерінде интернет арқылы тарайтын деректерге күмән басым, олардың артында ықпалды күштер тұратыны да белгілі. Бұларға сауатты ақпаратпен қаруланған дәстүрлі басылымдар мен каналдар қарсы тұра алады. Бұл ретте қазақ жазушылары мен журналистердің, киногерлер мен кітапханашылардың міндеті күрделене түспек.

Жетінші мәселе. Шекаралас аймақтарды дамыту туралы тоқталды. «Туыңды тігер тоқымдай жерің болмаса өз мемлекетің де болмайды. Жер шетелдіктерге сатылып жатыр деген сөз айтылып жатады. Бұл жалған ақпарат. Жерге қатысты түбегейлі шешім заңмен бекітілген. Түрлі дақпыртқа сеніп, жұртты дүрліктергенді доғару керек. Ұланғайыр жеріміз – бабалар аманаты. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек, бір қарыс жерін де, бір уыс топырағын да бермейміз» деген ол келесі мәселе ретінде шекаралық аудандарда халық саны азайып кеткенін айтты. Мұндай стратегиялық маңызы бар мәселені шешуде аудандарды біріктіру туралы айтты. Осы ретте Катонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдағанын, осы ретте Үкіметке есепқисап мәселесін пысықтап, жұмысты уақтылы аяқтауды тапсырып отырғанын айтты. Мемлекет басшысы былтырғы жылы Ауылды дамыту туралы Жарлы қа қол қойған болатын. «Алдағы бес жылда алтын бесікке мән береміз. Ауыл мектебінің жай-күйін жақсартамыз. Осы жұмыстардың барлығы «Ауыл – ел бесігі» аясында атқарылады» деді ол. Мемлекет басшысы одан әрі мемлекеттік тіл мәселесіне тоқталды. Елімізді мекендеген түрлі этнос өкілдерінің өз тілінде қарым-қатынас жасауына құқы бар. Қазақ тілі креативті индустрияның тіліне айналады. Яғни, толыққанды білім мен ғылым тіліне айналуын парасатпен іске асыру керек.

Сегізінші. Қоғамда мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту үшін нақты шаралар қабылдау, жергілікті өзінөзі басқаруды күшейтіп, мемлекеттік қызметшілерге дербестік беру жайы айтылды. «Мемлекеттік қызметкерлердің сана-сезімін өзгерту керекпіз. Олар халыққа адал қызмет етуді мақсат ету керек. Бұл бағытта әркімнің іскерлік қабілеті ескеріледі. Министр, әкімдердің бойында екі қасиет болу керек. Ол – профессионализм және отаншылдық. Олардың жеке басқа адалдығы маңызды емес, халық алдында абыройлы болуы маңызды».

Мемлекет басшысы құрылтайда сөйлеген сөзінің соңын сүйінші жаңалықпен түйіндеді. Жақында Жүсіпбек Аймауытұлының бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы табылыпты. Ол өлеңінде ұлттың жаны ешқашан өлмейді делінген жолдар бар. Әр қиындықтың жігерімізді жанитыны айтылыпты. Алаш рухы қазақ мемлекетімен бірге мәңгі жасайтынының бұл бір дәлелі дей келе, елдің рухын көтеретін жаңалық – Марал ишанның құраны табылғанын да еліміздің рухани өміріндегі елеулі оқиға деп бағалайтынын айтты. Құран екі ғасыр бойы шетелде сақталып, елге қайтып отыр. Мөрі бар жәдігерге сараптама жасалып, кезінде Марал ишанның Кеңесары ханға табыстағаны анықталыпты. Бұл да Тайқазанның елге оралуы сынды жаңа дәуірдің берекелі бастауы болсын деді.

Келесі құрылтай тарихи мекен – Сарайшық қаласында өтетін болды.

Жасұлан Сейдеметов
24 маусым 2023 ж. 170 0