№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ауданда Рәміздер күні аталып өтті

Ауданда Рәміздер күні аталып өтті

Бүгін, 4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл толуына және Рәміздер күніне орай орталық алаңда мерекелік шара болып өтті. Рәміздер аллеясы аясында аудандағы бүкіл мекеме, ұжым өкілдері салтанатты сап түзеп, Мемлекеттік ту желбіреді. Жиналғандар алдында аудан велоспортшыларының шеруі өтті.
Алдымен ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды.
Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы жұртшылықты 4 маусым – Рәміздер күнімен құттықтап, жалынды сөзін арнады.
– Құрметті жиналған қауым. Баршаңызды Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, халықтың рухын көтеретін ұлы құндылығымыз. Біздің Мемлекеттік рәміздерімізде ұлттық арман-мақсатымыз толық көрініс тапқан. Оның өн-бойында өз жерлесіміз, қоғам қайраткері Жандарбек Мәлібековтің де қолтаңбасы бары біз үшін зор мақтаныш.
Мемелекеттік рәміздерде айшықталған асқақ рухқа әрқашан адалдық танытып, еліміздің дамуына еселі еңбек ете берейік. Отбастарыңыз аман, күндеріңіз шуақты болсын, – деді ол.
Мерекелік шара аясында аудан басшысы жоғары көрсеткіштерімен танылып келе жатқан сала үздіктерін марапаттады.
Мазмұнды жиынды аудандық мәдениет үйі өнерпаздары жалынды жыр, айшықты арнауларымен ажарландырды.
Баян ҮСЕЙІНОВА
 


04 маусым 2022 ж. 703 0