№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Рәміздер – елдіктің мызғымас тұғыры

Рәміздер – елдіктің мызғымас тұғыры

Мемлекеттік нышандар қай кезде де елдік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде үнемі назарда тұрады. Елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін көтеретін бұл рәміздер халықтың рухы мен айбынын ғана білдіріп қоймайды. Олар мемлекеттің әлемдік өркениет көшіндегі орны мен деңгейін айқындайды. Иә, Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба – тәуелсіздіктің тірегі, бабалардың асқақ арманы мен асыл мұраты. 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні.
Біз, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамен және кез–келген азаматтың патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранмен айбынды ел болдық. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Өздеріңізге белгілі, 1992 жылдың 4-маусымында Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал, 2007 жылы 4-маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт–санасын, қаhармандығы мен даналығын болашаққа деген үмітін, арман–тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Тәуелсізідігіміз тұғырлы, бірілігіміз бекем, белесіміз биі болсын!
04 маусым 2021 ж. 883 0