Соңғы жаңалықтар

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік рәміздер күніне орай рухты асқақтататын жиынға куә болдық

Мемлекеттік рәміздер күніне орай рухты асқақтататын жиынға куә болдық

Рәміздер елдік нышанның ажырамас бөлігі. Расында елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін көтеретін рәміздер халықтың рухы мен айбынын ғана білдіріп қоймайды, әлемдік өркениет көшіндегі орны мен деңгейін көрсетеді. 4-маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай рухты асқақтататын жиынға куә болдық.
Елдегі карантиндік жағдайға бай­ланысты мәдени шара биыл кең көлемде аталып өтпеді. Аудан әкімдігінде өткен шараның шымыл­дығын аудан басшысы Сұлтан Мақашов ашып:
– Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Өздеріңізге белгілі, 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ал 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Респу­бликасының Мем­лекеттік рәміздері туралы» Конс­титуция­лық Заң қабыл­данды. Заңға сәйкес, 4 маусым – Қазақстанда Мемле­кет­тік рәміздер күні ретінде белгі­ленді. Мемлекеттік рәміздер – хал­­қы­мыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен дана­лығын болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құндылық. Аудан халқын осынау ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді.
Мұнан кейін Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 1999 жыл­ғы 29 желтоқсандағы №319 Жар­лығына сай «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Рес­пу­бли­­касының Заңын іске асыру мақсатында мемлекеттік қыз­метшілер салтанатты түрде ант берді. Жайылма ауылдық округі аппа­ратының бас маманы Алиби Букеев пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Маржан Шынбаева Ата Заң алдында қызметке адалдық таныту жөнінде ант берді.
Жиын соңында қызметкерлер мере­­кемен бір-бірін құттықтап, тар­қасты.
***
Аудан әкімдігі жанындағы Мем­лекеттік рәміздер жөнінде аудандық комиссияның жоспарына сәйкес, алғашқы жиын онлайн түрде өткі­зілді. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Өзгент, Аққорған, Манап ауылдық округінің әкімдері, аудандық кітап­хана директоры, Шалқия клуб үйінің директоры, №110 мектеп-лицейінің директоры онлайн түрде есеп берді.
Мемлекеттік рәміздер – елдік­тің негізгі нышаны. Оны қазақс­тандықтар қастерлеуі парыз. Көк Туды көкте желбіретіп, Әнұран­ды әлем елдеріне паш ететін спорт­шылар рәміздерге зор құр­метпен қарайтыны ақиқат. Соң­ғы жылдары жаңақорғандық спорт­шылар байрақты бәсекелерде ел абыройын асырып, мерейімізді үстем етіп жүр.
– Ауданда 64 дене шынықтыру ұжымы жұмыс жасайды. Оларда спорттың 26 түрімен 25558 адам тұрақты түрде шұғылданады. Бұл аудан халқының 30 процентін құрайды. Тұрғындарға қызмет көр­сететін 336 ғимарат бар. Жалпы жыл басынан бері 58 спортшы облыс құрамында өнер көрсетсе, 9 спортшы ұлттық құрамада тер төгіп келеді. Биылғы жылдың нәтижесінде Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс және 1 қола еншімізде бар. Жалпы спортшылар жеткен жетістік аз емес. Осындай рухты бойына сіңірген спортшылар мен бапкерлер мемлекеттік рәміз­дерге құрметпен қарайды, – деді денешынықтыру және спорт бөлі­мінің басшысы Махмұт Рахымжанов.
Сондай-ақ, ауылдық округ әкім­дері атқарылып жатқан жұмыс­тарды, кітапхана мен мектепте өткізілген шаралар жөнінен ақпар берді.


Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
06 маусым 2020 ж. 578 0