» » Рәміздерім - мақтанышым

Рәміздерім - мақтанышым


4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл толуына және Рәміздер күніне орай орталық алаңда мерекелік шара болып өтті.


Мемлекеттігімізді нығайтып, ел тұғырын тіктеуде Ата Заң мен адамгершілік нормалары аясында алғаусыз қызмет етіп, алдыңғы қатарда келе жатқан мекеме-ұжым өкілдері мен әскери қызметкерлер алдында сап түзеген аудан спорт мектебінің түлектері – жасөспірім велошабандаздардың салтанатты шеруі егемен елдің көз тоймас келешегіне көңілімізде мақтаныш сезімін орнықтырды деуімізге болады.

Мемлекеттік Әнұран орындалып, Ту мінберіне қондырылған соң сахна төріне көтерілген аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтады. – Мемлекеттік рәміздер – еліиіздің тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, халықтың рухын көтеретін ұлы құндылығымыз. Біздің мемлекеттік рәміздерімізде ұлттық арман-мақсатымыз толығымен көрініс тапқан.Оның өн бойында өз жерлесіміз, қоғам қайраткері Жандарбек Мәлібековтың де қолтаңбасы бары біз үшін зор мақтаныш. Мемлекеттік рәміздерде айшықталған асқақ құндылығымызға әрқашан адалдық танытып, еліміздің дамуына еселі еңбек ете берейік, – деді ол.

Мерекелік шара аясында аудан басшысы жоғары көрсеткіштерімен танылып жүрген сала үздіктерін марапаттады. Олардың қатарында Самбо және белбеу күресі бойынша республикалық, жалықаралық дәрежедегі чемпионаттардың жеңімпазы Мереке Жомартқызы, Жаңақорған кенті әкімінің бас маманы Күлдана Сейдеметқызы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің заңгері Алмат Бақытұлы, Екпінді ауылдық округінің бас маманы Әсел Дүйсенәліқызы, Қыркеңсе ауылдық округінің бас маманы Жасұлан Оңласбекұлы бар. Мазмұнды жиынды аудандық Мәдениет үйі өнерпазлары жалынды жыр, айшықты арнауларымен ажарландырды.
07 маусым 2022 ж. 305 0