№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Атакәсіпті арқалаған ана

Атакәсіпті арқалаған ана


Теміржолшылар династиясы деуге келетін тіршілігі теміржолмен біте қайнасып, темірдей тәртіпке бағынған Тасыбековалар талаптықтарға және аудан халқына жақсы таныс. Біз бүгін осы отбасының бір шынары Күлжан Қалдыханқызының өмір жолы мен қажырлы қызметімен танысуды жөн көріп, арнайы сұхбаттастық.

  Алдымен кейіпкеріміздің өмірбаянына тоқталайық. Күлжан Тасыбекова 1961 жылы 11-ақпанда қазіргі Талап бекетінде теміржолшылар әулетінде дүниеге келген. Темір жол саласында жастайынан еңбек еткен атаанасы сол саладан зейнетке шыққан. Отбасында 3 ұл, 7 қыз тәрбиелеп өсірген. Соның ішінде балаларының 5-еуі ата-анасының жолын қуып темір жол саласын таңдапты. Өйткені, олардың барлығы да бір-біріне ұдайы ата-анасының мамандығын мақтаныш тұтты.

Күлжан 1976 жылы мектепті бітіріп, Қапланбек мал дәрігер техникумының есепші бөлімін тәмамдаған екен. Еңбек жолын 1980 жылы Талап бекетінде жүк бөлімінің кассирі болып бастаған. 1992 жылы Талап бекетінен «Қазақстан темір жолы» Жаңақорған вокзалына кезекші болып ауысыпты.

Өмірлік серігі Исаев Әзілханмен жүрегі үндесіп, шаңырақ көтерді. Ол да осы ҰК АҚ «Қазақстан темір жол» саласында жолсерік болып жұмыс жасайды. Ерлізайыптылар отбасында 2 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсіріп, 22 немере сүйіп отырған асыл жандар. Екі қызы өз кәсіптерін темір жол саласынан тапты. Оның бірі Мереке «Жаңақорған вокзалында», Мансиясы Қызылорда қаласы вокзалында кассир болым жұмыс атақарады. Ал келіні Ерімбетова Маржан «Жаңақорған вокзалында» анықтама бөлімінде жұмыс істейді.

Қиындығы мен жауапкершілігі қатар жүретін бұл саланың қызығы да жетерлік, – дейді кейіпкеріміз.

Расында түсінген адамға темір жолдың қиындығы аз емес. Пойыздың қозғалысы уақытпен есептеледі. Әрбір жолаушы межелі жерге көрсетілген мерзімде жетуі үшін қос сызық бойында қажырлы еңбек еткен кәсіби мамандарға минуттармен санасып мүлтіксіз жұмыс жасауына тура келеді. Отбасы мүшелері осы тәртіпке әбден бейімделген.
– Қызмет бабында жүктелетін міндеттерді ешқашан мынау ауыр немесе жеңіл деп бөлген емеспіз. Менің қолымнан келмейді деп те айтып көрмедік. Орындалуы керек іс пе, орындау міндетің. Тіпті жауапкершілік жүгі артқан сайын ерекше жігерленетінбіз, – дейді ол.

Күлжан Қалдыханқызы 2020 жылдың тамыз айында құрметті демалысқа шықты. Қырық жылға жуық еңбек өтілінде осы саланың бірнеше Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттармен марапатталды.

Түйіндей айтқанда, теміржолшылардың тынымсыз еңбегі мен қажырлы қайраты қуатты Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталады. Өйткені, айшылық алыс жерлерге аманесен жетуде, жолаушының жол азабын азайтуда, оған қоса жүк тасымалының қарқынды дамуында теміржолшылардың темірдей тәртібі көзге ұрып тұр. Тасыбековалар әулетінің әрбір мүшесі темір жол саласының бейнеті мен зейнетін көріп, берекелі ғұмыр кешуде. Иә, атакәсіптің абыройы ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып жалғасып келеді.

Әсел ИБРАГИМОВА
01 қазан 2022 ж. 654 0