№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халықпен кездесу – жүз істің бастамасы

Халықпен кездесу – жүз істің бастамасы

       

         Бір апта бойы ауыл-аймақты аралап, тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды пысықтап алған аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов Жаңақорған кент тұрғындарымен кездесіп, келелі мәселелерге тоқталды.
                                                          КЕНТ КЕЛБЕТІ КӨРКЕЮде
       «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Жаңақорған кентінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша ісшараларды іске асыру аясында 12 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына 246 028,0 мың теңге бөлініпті. Тарқатып айтар болсақ, Жаңақорған кенті Хорасан ата көшесінің қиылыстарына 14 756,0 мың теңге, Қ.Наурызбаев көшесіне 85 408,0 мың теңге, М.Дәруіш көшесіне 4 018,0 мың теңге, М.Дәруіш 1-көшесіне 26 278,0 мың теңге, М.Дәруіш 2-көшесіне 10 686,0 мың теңге, М.Дәруіш 3-көшесіне 11 921,0 мың теңге, М.Дәруіш 5-көшесіне 6 365,0 мың теңге, базар маңындағы көшеге 8 195,0 мың теңге, Кайнекеев көшесіне 16 050,0 мың теңге, Абдреимов көшесіне 13 344,0 мың теңге, Саяжай ықшам ауданының көшеаралық қиылыстарына 27 932,0 мың теңге, Т.Біләлов көшесіне 21 075,0 мың теңге бағытталуда. Мұны сөз еткен аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы:
       – Өздеріңіз байқап отырғандай, кенттің келбеті күн сайын ажарланып келеді. Біз ең алдымен, Жаңақорған кентінің кіреберіс көшелерінің әсемдігі мен басты көшелерінің сәулеттенуін назарға алдық. Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыру бойынша 2 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 202 310,0 мың теңге бөлінді. Бұл мақсатқа МАИ бекеті мөлтек ауданының 4 қиылыс көшелеріне 43 995,8 мың теңге, М.Абдуллаев көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін 158 305,2 мың теңге қаралды. Сонымен қатар, Жаңақорған кентіндегі 4 көшеге жарық шамдарын орнатуға 181 849,0 мың теңге бөлінді. Әлшекей Бектібаев көшесіне жарық шамдарын орнатуға 60 942,0 мың теңге, Н. Түршекұлы көшесіне жарық шамдарын орнатуға 54 315,0 мың теңге, А. Шонабаев көшесіне жарық шамдарын орнатуға 35 698,2 мың теңге, А.Мұхамеджанұлы көшесіне жарық шамдарын орнатуға 30 839,8 мың теңге бөлініп, кент келбетін заманауи үрдіске сай жаңалап жатырмыз, – деді.
         Жаңақорған кентіне Ипподром мөлтек ауданында жаңадан салынып жатқан мектепке қатынайтын оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Б. Дүйсенбаев көшесіне тротуар орнатуға 62956,0 мың теңге, Тәуелсіздік көшесін абаттандыру жұмыстарына 75 955,0 мың теңге, Шалқия трассасы көшесінің бойындағы жасыл желекті 6 қоршауға 6 насос қоюға 6851,0 мың теңге, тазалықтың сақталуын бақылау мақсатында 17 кешенді бейнебақылау камераларын орналастыруға 45000,0 мың теңге, 10 дана билборд тұғырын орнату үшін 7 922,0 мың теңге, З.Мұсаханов көшесі мен Б.Байкенжеев көшесі аралығын абаттандыру жұмыстарына 42053,0 мың теңге бөлінді.
           Аудан әкімімен басқосуда, кент тазалығын қалыпта жағдайда ұстау үшін 15 дана қоқыс жәшігі мен демалып отыруға арналған 15 дана орындық және жарық шамдарын орнатылатынын, Жаңақорған кентіндегі көлік ағыны жоғары көшелердің жол үсті таңбаларын сызуға 10 074,0 мың теңге бөлінгені де айтылды. Кентте 12 көшеге тас мен 3 көшеге тратуар төселеді. Қ.Алдабергенұлы көшесіне 8 аялдама, Саяжай мөлтек ауданындағы Д.Шоманов көшесіне 4 аялдама орнатылады. Жеңіс паркін абаттандыру 30 дана жарық шамдарын орнату, 4 дана орындық, Рәміздер алаңын абаттандыру жұмыстары да назарда болмақ. Кент тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов:
         – Автовакзал алдындағы сағат ескерткішін басқа аймаққа қойып, орнына су бұрқақтарын қойып, демалыс орындарына айналдыру қажет деп ойлаймын. Көлік тұрақтары мәселесі өз реттілігін табу керек. Халықпен кездесуде көптің ақыл-кеңесіне құлақ түріп, «келісіп пішкен тонның келте болмайтынына» көзім жетіп келді. Осы басқосуға уақыт тауып келген тұрғындарға алғысым шексіз, –дей келе, кент әкімі Асқар Ибрагимовке нақты тапсырма берді. Аудан әкімі сөз соңында кент әкімінің орынбасары Алма Мамированың зейнеткерлік жасына толуымен құттықтап, құрметін білдірді. Жиын соңы тұрғындардың сұрақ-жауабына ұласып, вокзалдағы жаяу жүргіншілер көпірі, тротуардың сапасы, жер кезегінің жылжымауы, т.б сұрақтар қойылды.
       ТҮЙІН. Бұл аудан әкімінің биылғы жылы өткізген екінші рет халықпен кездесуі екен. Осы көпшілік шарада түйгеніміз, бірлесе кеңескен істе береке болатынына тағы бір рет көз жеткендей болды. Жүз түрлі адам жүз түрлі мәселені көтергенде солардың ішінен халыққа ең маңыздысын түртіп алуға мүмкіндік болады. Сол түртіп алғанды нақты іске жарата білу – әкімінің іскерлігін айқындайды.

                                                                                                                                          Мақпал Марқабай
19 мамыр 2023 ж. 176 0