№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2021 жылдан не күтеміз?

2021 жылдан не күтеміз?

  Шүкір! Өтпелі кезеңдерде шыңдалған ұлт ретінде тағы бір жылдың қиындықтарын артта қалдырдық. 2021 жылдан жақсылықтар күтеміз. Осы тұста, келер жылы қандай бастамалар атқарылады, тұрғындардың талап-тілегі, ұсынысы мен өтініші өрге басады ма? Осы жөнінде зерделеуді жөн санадық.
 Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметқали Қасқабаевқа сауал жолдаған едік. Көптің ойы да осы.
– Аудандық мәслихаттың шешімімен 2021-2023 жылдарға арналған бюджет бекітілді. Аудандық бюджеттің кірістері 2021 жылға – 19 579 927 мың теңге болса, өз кірістеріміз 2 411 512 мың теңге, трансферттер мен субвенция көлемі 17 168 4151 мың теңге. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім саласының толық облыстық деңгейге өтуіне байланысты білім саласына берілген 13 558 017 мың теңге субвенция облыстық бюджетке қайтарылады, – деді ол.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға 38 255 мың теңге бөлінген. Оның ішінде, еңбек нарығын дамытуға 776 054 мың теңге, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және (немесе) аз қамтылған көпбалалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй сатып алуға 168 000 мың теңге қаралды. Яғни аудандық бюджет шығындарының 44,7 пайызы әлеуметтік салаға бағытталыпты.
2020 жылы Жаңақорған кентінің көшелеріне қиыршық тас төсеу, орташа жөндеу жүргізу жұмыстары қарқынды болды. Мұндай жұмыстар алдағы жылы жалғасын табады. 2021 жылы Саяжай аумағындағы Ш.Мұсахметов, З.Байзахов, Т.Әбенов Қ.Жақыпов, Желкілдек Батыр Бөлтекұлы, Ж.Құлымбетов, Е.Сабырханов көшесі және Саяжайдағы атауы жоқ №12 көшесіне, МАИ бекеті аумағындағы Жарқынбекұлы, П.Әлімжанұлы, Ү.Дүйсенов көшесіне қиыршық тас төселіп, Қ.Сағырбаев, З.Мұсаханов, Қ.Тағаев көшесі орташа жөнделеді.
Жаңақорған кентінің «Ызғар» аумағынан сұрыптау кешені бар, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме дайындау көзделген. Сондай-ақ 11 елді мекенде тренажер (жаттығу) алаңын салуға, 7 елді мекендегі көшелерді орташа жөндеуге (асфальттауға) қаржы жоспарланған.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 18 524 теңге, зейнетақының ең төмен мөлшері – 43 272 теңге, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге болып белгіленді. Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 7 пайызға өседі. Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА

31 желтоқсан 2020 ж. 977 0