Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дала Дүбіріне ДайынДық қалай?

Дала Дүбіріне ДайынДық қалай?



Биыл аудан бойынша 37 781 гектарға егiс егу межеленіп отыр. Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын 781 шаруашылық құрылымдарының 485- і егін шаруашылығына бет бұрған. Оның ішінде 175 шаруашылық күріш өсірумен айналысады. – Биыл күріш көлемін 8346 гектарға жеткізу жоспарлануда. Күздік бидай 3151, жаздық бидай 194 гектарды құрайды. Сол секілді биыл жаздық арпа, тары, дәндік жүгері мен мақсары және күнбағыс егу межеленді. Жаңа жоңышқаны 5000, ескі жоңышқаны 14700 гектарға, сүрлемдік жүгеріні 38 гектарға деп жоспарладық. Қант құмайы мен қант қызылшасы да биыл үстемелі түрде егіледі. Картоп 580 гектарды құраса, көкөнiс 616, бақша 2095 гектарға жетті, – дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас агрономы Дәурен Абибуллаев. Әртараптандыру бағытындағы атқарылатын жұмыс та ауқымды. Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мен бағаны тұрақтандыру мақсатында қосымша жерлер ашылып, ұжымдық түрде 295 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін 3151 гектар күздік бидай егуді және 7300 гектар сүдігер айдауды қамтамасыз еткен. Сонымен қатар ағымдағы жылы бірқатар шаруашылықтар тарапынан тамшылатып суару әдісі мен жаңбырлатып суару жүйесіне көшуге басымдық берілуде. Айта кететіні, биыл тамшылатып суару технологиясымен Талап ауылдық округінде «Қызылорда Агроплюс» ЖШС-де 5 гектар қызанақ егу жоспарлануда екен. Жаңбырлатқыш суару технологиясымен Қожакент ауылдық округіне қарасты «Береке» шаруа қожалығы 30 гектар малазықтық дақылдарды егуді мақсат тұтты. Бұл да аудандағы тың жаңалықтың бірі. – Аудан бойынша 2023 жылдың егісі үшін шаруашылық құрылымдарының қолында 2087 тонна күріш тұқымы бар. 50 тонна жоңышқа тұқымы толығымен дайын, ал 50 тонна мақсары тұқымы қажет болса оның нақты 30 тоннасы дайындалды. Қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 4462 тонна, оның ішінде 4226 тоннасы азотты, 236 тоннасы фосфорлы тыңайтқыштар болса, қажетті гербицидтердің көлемі 3113 литрді құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 2380 тоннасы (53,3%) сатып алынды, – деді бас агроном. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландырудың да есебін білдік. Ауданда 2023 жылы межеленген егіс көлеміне сәйкес, көктемгі дала және егіс егу жұмыстарына қажетті қаржы көлемі 615 млн теңгені құраса, қазіргі таңда 325,9 млн теңге (53%) жұмсалған. Техника және жанар-жағар май жайы қалай? Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 1 422 тонна дизель отыны бөлінген. «Жібек Жолы LTD и К»ЖШС – 524 тонна, «Жаңақорған ОiI» ЖШС – 898 тонна. Көктемгі дала жұмыстарына 207 трактор, 38 соқа, 28 дән сепкіш, 21 автомашина, 52 трактор тіркемесі толығымен дайын дейді жауапты мамандар. 2023 жылы су нысандарын тазалау жұмыстары бойынша атқарылатын шаралар да ауқымды болмақ. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы атқарылып жатқан жұмыстарды алдағы уақытта таразылайтын боламыз. Жалпы алғанда дала дүбіріне дайындық жұмысын осылай жүйеледік. Диқандар әзіргі тас-түйін дайын. Тек аяқ су мен дәрі-дәрмектен таршылық көрмесек, биыл да өнім мол болғалы тұр дейді шаруалар. Оны уақытында бағдарлаймыз, тек еңбек еш кетпесе болды.
21 ақпан 2023 ж. 254 0