№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Батырдың ғұмыры мәңгілік

Батырдың ғұмыры мәңгілік



Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында Түгіскен елді мекенінде аудан әкімдігінің тікелей қолдауымен Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Әнуар Әбутәліпұлы, Социалистік Еңбек Ерлері Нақып Ержанов, Қадір Тағаев, Сердалы Құрымбеков, ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегері Әлиасқар Сұлтановқа арналған Тағзым алаңы ашылды.
Атаулы күні аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов ел ағаларымен бірге Түгіскен ауылына барып салтанатқа жиналған жұртшылықты Жеңіс
күнімен құттықтады. Кеңес Одағының батыры Әнуар Әбутәліповтың ерлік жолына қысқаша тоқталып өтті. «Тас түлектен туған кәтепті,
қара нар керек біздің бұл іске» деп Махамбет бабалары жырға қосқандай, ел басына күн туған ауыр сәтте қолына қару алып, майданға аттанған бозымдар қатарында жасы он тоғызға жаңа толған ауыл баласын Батыр дәрежесіне көтерген нендей құдірет, нендей күш? Көпшілік алдында батырдың өмір жолы тағы бір еске алынды.
Әнуар Әбутәліпов 1923 жылы 16 қарашада қарапайым отбасында дүниеге келді. Соғыс басталғанда небәрі он тоғыз жаста еді. 1942 жылдың соңында әскер қатарына алынып, даярлықтан соң 1943 жылдың ақпан айында тұңғыш ұрысқа кірді. Бельгия, Чехословакия, Румыния, Венгрияны азат етуге қатысты. Тисса өзенінен жауған оқтың астында қайықпен 47 рет қатынап, жауынгерлерді, оқ-дәріні алып өткен жанкешті ерлігі бағаланып, 1945 жылғы 24 наурыздағы КСРО Жоғарғы командованиесінің бұйрығымен оған Кеңес Одағы батыры атағы берілді.
Елге келген соң қайта құру жұмыстарына араласты. Талап ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 1951 жылы Сунақата ауылдық
кеңесінің төрағасы болды. Осы жылдары Шымкентте жоғары оқу орнына түсіп, агроном мамандығын алды. 1965 жылы Шиелі ауданы №13 «Келінтөбе» сайлау округінен депутат болып сайланды. 1967-1968 жылдары Түгіскен кеңшарында бригадир,1972 жылдан 1982 жылға дейін Түгіскен ауылдық кеңесінің депутаты болды.
Осы жылдары Түгіскен массивінің игерілуіне қажырлы үлес қосып, озат күрішші атанды. Жас ізбасарларын тәрбиеледі.
Бүгінде батыр атында ауылда көше бар. Түгіскен ауылындағы №209 орта мектебіне Әнуар Әбутәліповтың есімі берілген.
Мереке қарсаңындағы мәліметке жүгінсек, 170 жаңақорғандық жас сарбаздар Отан алдындағы міндетін атқаруда.
Қазақстан әсері құрамында 45 офицер жаңақорғандық азамат сапта. Ал, келісім шарт негізінде 60- тан астам жаңақорғандық қызметке алынған. Мерекелік шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Отансүйгіштік рухымызды шалқытып, ерекше жігер берген «Ақбикеш» би тобының ұсынған батыр қыздарды сомдаған би қимылдары көпшілікті тәнті етті. Жаңақорғанның жарық жұлдызы Құралай Әлиеваның орындауындағы ән қазақ жігітінің бойындағы бекзадалықты, қырағылықты және жомарттықты меңзегендей болды. Қазақтың дәстүрлі өнерінің отын жалындатып, әке жолын жалғап жүрген асыл ағамыз Мұхтар Дәрібаевтың домбырамен қосыла шырқаған «Біздің елдің жігіттері-ай» әні әрбір азаматтың кеудесіндегі үкілі үмітін оятып, ер азаматқа тән асыл қасиеттерді бейнелеп бергендей еді. Ал, өнердегі жас буынды ізінен ертіп, өнер мен мәдениеттің өркендеуіне өз ізін қалыптастырған әнші Сайран Ділманов бір топ өнерпаздармен жергілікті сазгерлердің әндерін нақышына сай орындап, елдің қошеметіне бөленді. Көптің көңіліндегі қуаныш сезімін қалтқысыз жеткізген Кенже Әкімбаеваның орындауындағы «Жеңіс күні» әні тақырыпты аша түсті.
ТҮЙІН. Еліміздің өркендеу жолында қызмет ету зор бақыт! Отан үшін от пен суға төзіп, шыдамдылығы мен қайсарлығын байқатып, батылдық танытып жүрген азаматтарға деген құрмет толастамайды. Айбынды ұлдардың абыройлы қызметіне адал болып, Тәуелсіздік тұғырымыз биіктен көрініп, еліміз бен жеріміз мызғымас бірлікте тіршілік ете беруін тіледік. Елдің еңсесі биік болуы өресі биік ерлердің қолында, арлы азаматтардың даңқы арта берсін, ағайын!

                                                                                                                                                  Баян Үсейінова
08 мамыр 2023 ж. 173 0