№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Тигрдің» үшеуін жалғыз жайратқан

«Тигрдің» үшеуін жалғыз жайратқан

Сыр өңірінде Кеңес Одағының Батыры Әнуар Әбутәліповті білмейтіндер некен-саяқ. Алайда, жас жауынгердің екінші жаһандық соғыстағы Германияның мақтанышы, айбыны болып саналған ажал оғын себетін бронды машиналарының ішіндегі ең қорқынышты әрі ауыр техникасы «Тигрдің» үшеуін жалғыз жайратқанын көпшілік біле бермейді.

«Тигр» танкісінің салмағы 56 тонна, маңдай тұсы 100 миллиметр броньмен қапталған. 88 миллимметрлік зеңбірегі, екі пулеметі бар. Өзіне-өзі сенімді фашистің танкісі ентелей төніп келеді. Атқыштар полкының командирі пулемет расчетінің командирі Әнуар Әбутәліповке бір қадам да шегінбеуге бұйрық берілді. Олай болатын себебі, жас қазақтың бұған дейінгі сұрапыл соғыстағы үш жыл тәжірибесі бар еді. «Тигр» жүріп келе жатып, үстемелей атып, қорғаныс шебіне де жақындап келеді. Қашықтық 400 метрге таяды. Қандай жағдайда да, жау танкісін алға бастырмау керек. Тәжірибелі нысанашы жау танкісінің осал тұсы бар екенін бес саусақтай біледі. Бірақ, бір қиындығы советтік снарядтар 7 сантиметр броньды бұза алады. Ал, «Тигрдің» маңдай тұсы 10 сантиметр қаптама броны тағы бар. Сәл бұрылған тұста «құланның қасуына, мергеннің басуы» деп іштей күбірлеген Әнуар Әбутәліпов команда беріп үлгерді. Шынжыр табанынан дөп тиген снаряд жау танкісін шыр көбелек айналдырды. Осы сәтті тиімді пайдаланған команда келесі снарядпен жанармай багін көздеді. Қап-қара түтін бұрқ еткенде, іштегі жау танкистері де жанталаса сыртқа ұмтылды. Үрейге берілген фашистерді жамсату мергендерге қиындыққа түсе қойған жоқ. Осылайша, Сырдарияның жолбарысы мен Германияның «Тигры» майдан даласында алғаш кездескен еді. Соңын ала осы тәсілмен, «Тигрдің» тағы екеуін отқа орады.
Болашақ батыр Әнуар Әбутәліпов 1923 жылы 7 желтоқсанда дүниеге келген болатын. 1942 жылы қазан айында өз өтінішімен 19 жасында майданға аттанды. 1943 жылы ақпанда ол тұңғыш ұрысқа кірді. №53 армияның Звенигород әуе-десанты дивизиясының 13-гвардиялық атқыштар полкының станокты пулемет расчетының командирі болды. 1944 жылдың қазанында Дебрецен операциясына қатысып Тисса өзенінен өту кезінде ерекше батырлығымен көзге түсті. Сырдарияның бойында өсіп, балықша жүзетін ержүрек жауынгер өзеннің екі жағалауына 47 рет қатынап, жауынгерлерге оқ-дәрі, байланыс заттарын өткізіп беріп тұрды. Дем алмастан шыдап, тәуліктен астам уақытын ұйқысыз өткізді. Кескілескен шайқаста өз пулеметінен оқ жаудырып 18 фашисті жер жастандырды. Жаудың үш «Тигр» танкісін отқа орады. Бұған дейінгі ерліктерін бағалай келіп КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Әнуар Әбутәліповке «Кеңес Одағының Батыры» атағын берді.
Жеңіспен елге оралған батыр Жаңақорған ауданындағы «Түгіскен» кеңшарында еңбек етті. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы еңбегі ескеріліп, екі рет «Ленин» орденімен, 1-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен көптеген медальдермен марапатталды. Қазір «Аққорған»» ауылындағы №209 орта мектепке Әнуар Әбутәліпов есімі берілген.

Иса Беркімбай.



09 мамыр 2020 ж. 1 044 0