№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанның қай өңірлерінде су құбырлары жаңартылады

Қазақстанның қай өңірлерінде су құбырлары жаңартылады

Өңірлерде топтық су құбырларын салу мен реконструкциялау бойынша 27 нысанға 19,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Су кодексіне сәйкес, Экология министрлігі елді мекендердің шекараларына дейін сумен жабдықтау функцияларын атқарады, топтық су құбырларын салу мен реконструкциялау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болады.
«Қазіргі уақытта республика бойынша ұзындығы 15,5 мың км 80 топтық су құбыры бар, оның ішінде ұзындығы 13,4 мың км 39 топтық су құбыры республикалық меншікте, олар 1,4 млн адам тұратын 655 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етеді», – деді З.Сүлейменова Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, 2021-2022 жылдары Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында топтық су құбырларын салу мен реконструкциялау бойынша 7 нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ, тестілеу режимінде Ұлытау облысындағы 1 нысан бойынша сапалы ауыз су беріледі.
Нәтижесінде 800 км желі салынған, 5,8 мың адам тұратын 5 ауылдық елді мекен сапалы ауыз суға қол жеткізді және 203 мың тұрғыны бар 51 ауыл мен 3 қаланы (Сәтбаев, Макинск және Жезқазған ішінара) сумен жабдықтау жақсарды.
«Биыл 2010 жылы басталған Есқұла су құбырын пайдалануға беру жоспарланған, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында топтық су құбырларын салу мен реконструкциялау бойынша 27 нысанды іске асыруға 19,1 млрд теңге қаражат бөлінген», – деді Экология министрі.
Сонымен қатар, министрлік Үйтас-Айдос топтық су құбыры жобасын жалғастыру үшін Үкімет резервінен шұғыл қажеттіліктерге 4,2 млрд теңге қаражат бөлу мәселесін пысықтап жатыр. Қазіргі уақытта Қаржы министрлігінен оң қорытынды алынды. Жоба 2023-2024 жылдары аяқталады. Нәтижесінде 458 мың адам тұратын 158 ауылда сумен жабдықтау жақсартылмақ.
syrboyi.kz
02 мамыр 2023 ж. 190 0