№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су – стратегиялық ресурс

Су – стратегиялық ресурс

Кеше Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы Ғалымжан Сопбеков «Талап-Сырдария» топтық су құбырының жұмысымен танысып қайтты. Мәслихат депутаты Нұрлат Байгенже партиялық бақылау комиссиясының төрағасы ретінде су тарататын мекеме басшысынан суландыру жүйесі жайлы сұрады.

ХХІ ғасырдағы ең өткір мәселе – ауыз су мәселесі. Мұның салмағы мен салдарын әлем елдері сезініп отыр. Әсіресе, Африка елдері таза ауыз суға мұқтаждық қатты сезіліп, жұқпалы ауру түрлері тарауда.
Биыл еліміздің оңтсүтік өңірлерінде қуаншылық орын алып, аяқ және ауыз судың маңызын сезіне түстік.
Жоба бойынша ауданның 28 елді мекенде тұрып жатқан 43 мыңға жуық халықты сапалы ауыз сумен қамту көзделген.
Сырдария топтық су құбырының құрылысы 2014 жылы басталып 5,2 млрд. теңге қаржы игеріліп, пайдалануға берілсе, Талап топтық су құбырының құрылыс жұмыстарына 5,5 млрд. теңге жұмсалып үстіміздегі жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жобаға сәйкес жүздеген шақырымдық магистралдық су құбырлары, елді мекендерге қосылу тармақтары, кентішілік су желілері жүргізілді, сондай-ақ су қоймалары, сорғы станциялары салынып, қыруар жұмыстар атқарылды.
Алайда жоба толық іске қосылмай тұр. Оның басты себебі, жоба бойынша бас су өндіру кешені аумағында қазылған 8 ұңғымалардан жобада қаралған дебит мөлшерде сумен қамтамасыз ете алмай тұр. Соның салдарынан елді мекендерге үздіксіз су жеткізу мүмкін болмай тұр. Бүгінде Сыр және тау беткейдегі, темір жол бойындағы елді мекеннің тұрғындары тәулігіне 2 сағаттан су алып отыр.
– Осыған байланысты осы аумақтан қосымша 5 жаңа ұңғыма қазу мәселесі көтерілді. Бұл жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Қожаниязовтың 2021 жылғы 27 наурыздағы хаттамалық тапсырмасы берілді, – деді «Нұра топтық су құбыры» РМК Жаңақорған аудандық сумен жабдықтау бөлімшесінің  басшысы Мейрамбек Кабетенов.
Мәслихат хатшысы Ғалымжан Жарқынбекұлы жобаның маңызына тоқталып:
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында өңір тұрғындарының таза ауыз суға қол жеткізу деңгейі біркелкі емесекендігін атап, осы теңсіздікті жою жолында жұмысты жандардыруды, өйткені, бұл – стратегиялық жоба екендігін ескертті. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, халыққа сапалы ауыз сумен қамту маңызды, – деді.
Ондағы ғираматтардың жағдайын бағдарлап, су жіберу процесін көрдік.

Лаура БИБАСАРОВАЕ
15 қыркүйек 2021 ж. 451 0