№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанның 35 елді мекені ауыз сумен қамтылды

Жаңақорғанның 35 елді мекені ауыз сумен қамтылды


Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында 35 елді мекеннің барлығы ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы аудан әкімі Руслан Рүстемов мәлімдеді.

«Ақбұлақ» бағдарламасымен бастау алып «Нұрлы жол» бағдарламасымен жалғасын тауып, құрылысы жүргізіліп жатқан «Сырдария топтық су құбыры мен Талап топтық су құбырының  құрылысы» жобасында Сырдария өзенінің шығыс беткейіндегі 12 елді мекеннің 19381 халқын және Сырдария өзенінің батыс беткейіндегі 15 елді мекеннің 23564 халқын таза ауыз сумен қамту қарастырылған. Бұл жұмыстар жоспар бойынша биылғы жылдың соңына дейін толық аяқталуы тиіс.
«Ауыл- Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Жаңақорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін салу жұмыстарын аяқтауға ҚР Ұлттық қорынан 214 млн. 885 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы аяқталады. Сонымен бірге осы жылы республикалық бюджеттен Төменарық, Сунақата, Екпінді елді мекендеріндегі сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту  жұмыстарына 808 млн. 334 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізілуде. Құрылыс биылғы жылы аяқтау жоспарланған», – дейді аудан әкімі.Сонымен қатар, Қожамберді, Сүттіқұдық, Жайылма елді мекендерін сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 16 млн. 906 мың теңге қаржы бөлініп, жоба сметалық құжаттар әзірленуде. Осы жобалар іске асқан уақытта Жаңақорған ауданында орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған тұрғындар үлесі 91,4 пайыздан 100 пайызға жеткізіледі.
06 тамыз 2021 ж. 474 0