№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мал ұрлағандарға жаза қатаң

Мал ұрлағандарға жаза қатаң



Жаңақорған аудандық сотында сотталушы Е. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушы Е. пробациялық бақылауда жүргеніне қарамастан, түзелу жолына түспей, 2023 жылдың наурыз айының 2 күні жұмысында жүріп, бірге жұмыс жасайтын танысының автокөлігін сұрап алып, сол күні сағат 21 сағат 00 минут шамасында өзінің туысына хабарласып, өзінің бір бас қошқарын сатып беруін сұрап, туысының келісімін алғаннан кейін, сол күні 22 сағат 00 минут шамасында сұрап алған автокөлігімен Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылында орналасқан «Бақытжан» шаруа қожалығына тиесілі мал қораға заңсыз кіріп, бір бас қошқарды ұрлап, автокөліктің жүк салғышына салып, жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалап, жәбірленушіге 100 000 теңге мүліктік шығын келтірген.
Осыдан кейін сотталушы Е. өзінің қылмыстық іс-әрекетін одан әрі жалғастырып 2023 жылғы наурыз айының 5 күні дәл осы іс-әрекетті туысының автокөлігін пайдаланып екі бас қойды жасырын жымқыру арқылы жәбірленуші «Бақытжан» шаруа қожалығына жалпы 70000 теңге мүліктік шығын келтірген.
Басты сот талқылауында сотталушы Е. өзінің кінәсін толық мойындап, қазіргі уақытта жәбірленушіге келтірген залалды өтеген, малдарын қайтарғанын, жасаған әрекетіне шын ниетімен өкінетінін, енді қайталанбайтынын, көрсетіп жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші өкілі А. сотталушының әрекетінен келген мүліктік залал өтелгенін, оған кешірім беретінін көрсетті.
Аудандық соттың үкімімен сотталушы Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігі 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігінің негізінде үкімдердің жиынтығы бойынша осы соңғы үкім бойынша тағайындалған жазасына 2021 жылғы 28 шілдедегі Жаңақорған аудандық сотының үкімімен тағайындалған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін ішінара 4 айын қосу арқылы түпкілікті 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
13 тамыз 2023 ж. 368 0