Соңғы жаңалықтар

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

     
Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен айыпталған Ж. қатысты  қылмыстық ісі қаралып, медиация тәртібімен тоқтатылды.

     Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ж.,  Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылында орналасқанжәбірленуші Ж., үйінің ауласындағы сарайына  заңсыз кіріп, сарайда тұрған бағасы 60000 теңге тұратын «CRAFT» дәнекерлеу аппаратын және бағасы 20000 теңге тұратын 20 метр кабель сымын жасырын жымқырып, ұрлап оқиға орнынан бой тасалаған.Осылайша өзінің бұл қылмыстық әрекетімен сотталушы Ж., жәбірленуші  Ж.,жалпы құны 80000  теңге мүліктік шығын келтірген.
    Сотта сотталушы  Ж., өзіне тағылған айыбын толық мойындап, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын, қазіргі кезде жәбірленушімен татуласқанын,  келтірілген залалды өтегенін, көрсетіп қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады,  жәбірленушісотталушымен қазіргі уақытта медиация тәртібімен өзара ымыраға келіп, татуласып, келісімге келгендерін, залал өтелгенін, өзіне қылмыстық істің тоқтатылудың құқықтық салдары түсінікті екенін көрсетіп сотталушыны  қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.
    Аудандық соттың қаулысымен сотталушы Ж., жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне  байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып,  қылмыстық іс тоқтатылды.

    Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
09 қараша 2018 ж. 941 0