№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сотта қылмыстық іс қаралды

Сотта қылмыстық іс қаралды



Жаңақорған аудандық сотында сотталушы А-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен іс қаралды.
Сот отырысында анықталғандай, сотталушы А. 2020 жылдың шілде айының 23-күні сағат 08:30 шамасында үйдің ауласында өзінің інісімен гаражды пайдалану жайлы араларында келіспеушіліктер болып сөзге келіп, сол күні гараж ішінде тұрған інісінің «Volksvagen Vento» маркалы мемлекеттік белгісі 213 НОА 11 автокөлігімен бірге ағаш сөрелерді және гаражбен автокөлікті қасақана өртеп, інісі жәбірленуші А-ке 700 000 теңге және анасы жәбірленуші А-ға 200 000 теңге көлемінде айтарлықтай зиян келтіріп, ал жәбірленушілер сотталушыға кешірім бермейтідігін, оған заң жүзінде шара көруді сұрады.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А-тың қылмыстық іс-әрекеті өзінің кінәсін мойындап және 2020 жылғы 3 қыркүйектегі №1603 санды өрт-техникалық сарапшылық зерттеу сараптамасының қорытындысымен, жәбірленушілердің және сотқа дейінгі тергеп тексеруде берген куәлердің жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен және басқа да іс құжаттарымен өз дәлелін тауып, сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
12 қараша 2020 ж. 437 0