№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАУСЫМДЫҚ ҚҰБЫЛЫС САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ

МАУСЫМДЫҚ ҚҰБЫЛЫС САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ



Күн ысыды дегенше сан түрлі ауру-сырқаудың өршитіні айқын. Оған қоса, қыстан жан сауғалап шыққан кененің күннің
көзі жылынысымен жылы қанды жан-жануар мен адамға кесірі көп. Осы тұста, Конго қырым геморрагиялық қызбасы ауруының профилактикалық шараларын білмекке сала маманы Халжанова Гүлданамен тілдестік. Гүлдана Баянбекқызы 10 жылдан бері, аудандық орталық аурухананың қабылдау бөлімінде мейірбике қызметін абыройлы атқарып келеді. Яғни, ауруханаға келетін науқасты ең алғаш болып қабылдайтын мейірбикенің айтары бар.


– Өздеріңізге белгілі, көктем шыға табиғат ұйқысынан оянуымен қатар қоршаған ортада әр түрлі жұқпалы ауруларды тарататын жәндіктердің белсенділігі арта түседі. Солардың бірі кене. Кененің шағуы арқылы берілетін
жұқпалы аурулар басым жағдайда жыл мезгілінің көктем жаз және күз айларына тиесілі. Кененің шағуын үнемі
байқау мүмкін емес. Өйткені кене өз денесінен арнайы ферменттер бөлініп, шаққан орнын көп жағдайда білдірмеуге тырысады. Тұмсығын тері қабатына енгізген кене майда қан тамырларынан көректене бастайды. Сол жерден тойған мезетте бірнеше мың жұмыртқаларын тері астына тастап, сол мезеттен бастап аурулардың оның ішінде аса қауіпті жұқпалы Конго қырым геморрагиялық қызбасы ауруының белгілерін шақыра бастайды, – дейді Г. Халжанова.

Мейірбикенің айтуынша, Қырым Конго қанды безгегінің жасырын кезеңі орта есеппен 2-7 күнге, кейде 12 күнге
дейін созылуы мүмкін. Аурудың басталуы дене қызуының 39-41 С градуске дейін жоғарылап, дененің қалтырауымен, қатты бас ауыру, буындардың, белдің, іштің, балтырдың ауруымен басталады екен.

– Сондай-ақ науқас әлсіреп, бүкіл ағзасы ауырады. Жүрегі айнып, құсуы мүмкін және бұл тамақ жеумен байланысты болмауы керек. Бетінің, мойны және көкірегінің жоғарғы бөліктері қызыл-қошқыл түске боялып, қызарады, көзі қанталайды, тамағы қызарады,
көз қабығының қабынуы байқалады. 2-5 күндері қан-тамырлық белгілер басталады: ине шаншыған орындарда көгеру пайда болады, науқастың көкірегі мен ішінде майда қан тамырлық бөртпелер пайда болады, мұрнынан, тісінің қызыл етінен,ішектерінен,
асқазаннан, жатырдан кейде асқазаннан қан кету басталып, адамды қазаға
ұшыратуы мүмкін, – дейді Гүлдана Баянбекқызы.

Сонымен қатар, тәжірибелі мейірбике тілдесу барысында кенесі көп жерде сақтану үшін арнаулы киім
(комбинизон) киіп жүруге кеңесін берді. Егер ол олмаса шалбардың балағын етіктің ішіне салып, белбеумен
байлаған жөн екен. Ал, кенені байқаған кісі жедел жергілікті емдеу-сауықтыру мекемесіне жүгініп, білікті мамандардың кеңесін алуы тиіс. Ешқашан кенені қолмен сығып өлтіруге болмайды, өйткені оның вирусы тері арқылы адам денесіне өтіп кетуі мүмкін. Ең бастысы – кене шаққан адамдар міндетті түрде емдеу мекемелеріне қаралып, екі апта дәрігерлік бақылауда болғаны абзал.
Сөз соңында Гүлдана Баянбекқызы кенеден сақтану үшін және кене жабысқан адам жедел түрде 3 жағдайды
орындау керектігін атады. Біріншіден, кенені жалаң қолмен жұлуға, мыжуға болмайды. Екіншіден, далалық жерлерде жұмыс істегенде және ауылшаруашылық малдарына қарау кезінде жабық киімдер киіп, шалбардың балағын етіктің қонышына немесе шұлықтың ішіне
кіргізіп салып қою керек. Үшіншіден, кене жабысса кенені арнайы құралмен немесе жіппен тұмсығын орап, ырғап алып тастап, орнына иод ерітіндісін жағып, жергілікті емдеу орына қаралу қажет.

                                                                                                                                        Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
15 сәуір 2023 ж. 173 0