№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенеден кесел келмесін

Кенеден кесел келмесін


Ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан эпидемиологиялық ахуал «тұрақсыз» болып қалыптасуда. Содан болар апта басында қатарынан үш күнде үш науқас тіркеліп, жағдайлары нашарлап ауруханаға түскен.

 Кененің шағуы арқылы берілетін жұқпалы аурулар басым жағдайда жыл мезгілінің көктем, жаз және күз айларына тиесілі. Қаһарлы қыстан жан сауғалап шыққан аш кенелер күннің көзі жылысымен, жылықандыларға шабуыл жасайды. Демек, үй жануарлары мен адамдар аш кенелердің басты жауы.
 Міне осындай жағдай ауданда бірінші болып осы жылдың 25 маусымында тіркелді. «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ықтимал жағдай, орташа ауыр ағымымен» тіркелген науқас Жаңарық елді мекенінің тұрғыны. Екіншісі Келінтөбе ауылының тұрғыны. Ол да тура осындай жағдаймен 27-ші маусым күні тіркеуге алынған. Айта кету керек, эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары барысында екі науқастан сұрау жұмыстары кезінде кене шақпағаны анықталды. Бұл нақты зертханалық жолмен анықталған. Ал үшіншісі Талап елді мекенінің тұрғыны. Оның диагнозы нақты «КҚГҚ болжамды жағдай» болып тіркелді. Айтуынша 21-ші маусым күні кене шаққан. Үш науқас та далалық жерде, яғни егін, шөп алқаптарында жұмыс жасайды.
 Осы күні ауру ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар жалғасып, қарым-қатынаста 24 адам болғаны анықталған. Оның 1-уі медициналық қызметкер. Адамдармен араласу барысында анықталған кісілердің 22-і үй жағдайында медициналық бақылауға алынса, 2-еуі стационарлық бақылауға жатқызылған. Ауру ошақтарынан 64 кене жиналып, зертханаға жолданып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда науқастар аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде, жағдайлары орташа ауыр ағымда. Тиісті тағайындалған емін қабылдау нәтижесінде есінен ауыспаған, сөйлеуге, өздігінен тамақтануға толықтай мүмкіндігі бар.
 Кененің шағуын үнемі байқау мүмкін емес, өйткені кене өз денесінен арнайы жансыздандыратын ферменттер бөліп, шаққан орнын көп жағдайда білдірмеуге тырысады деген аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Айдосқызы кеселдің денеге таралу жолы мен одан сақтанудың ережесімен бөлісті.
 – Әуелі аурудың басталуы дене қызуының 39-41 градуске дейін жоғарылап, қалтыраумен, қатты бас ауыру, буындардың, белдің, іштің, балтырдың сыздауымен басталады. Екінші, бесінші күндері геморрагиялық симптомдар, яғни ине шаншыған орындарда гемотомалар пайда болады. Науқастың көкірегі мен ішінде майда геморрагиялық бөртпелер шығып, мұрнынан, тісінің қызыл етінен, ішектерісінен, асқазаннан, жатырдан қан кетеді. Осындай қан кету жағдайларда басқа да аурушаңдықпен шатастырып алмас үшін, медициналық қызметкер толық сұрау жұмыстарын жүргізу қажет. Ерте диагноз қойылса, ертерек емді бастауға мүмкіндік болады. Нәтижесінде науқастың дер кезінде қабылдаған емі оның толықтай жазылып кетуіне септігін тигізетіні анық, - деді ол.
 Маманның айтуынша, Жаңақорған ауданы Конго Қырым геморрагиялық қызбасынан табиғи ошақтық аймаққа кіреді. Аудан бойынша қолайсыз елді мекендер саны – 19. Кене шағу жағдайларымен 2021 жылы 32 адам есепке алынса, биылғы жылдың 6 айында 42 адам медициналық көмекке жүгініп отыр. Соған қарамастан кенеден келетін кеселдің алдын алып, тиісті шаралар жүргізуде жұмыс атқарылып келеді. Ал әрбір адам күрделі кеселге тап болмас үшін мамандар мұқият қорғануы керек екенін айтып дабыл қағуда.

Лаура БИБАСАРОВА
03 шілде 2022 ж. 372 0