Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Кітап time» үйірмесінде балалар кітап оқып жарысады, – дейді ұстаз Шолпан Қасымханқызы

«Кітап time» үйірмесінде балалар кітап оқып жарысады, – дейді ұстаз Шолпан Қасымханқызы



Оқу-білімге ден қойған ұрпақ – мемлекеттің басты капиталы. Осы орайда, арман-мұратын ұстаздыққа ұштастырған жастың бірі – Шолпан Қасымханқызы жас өрендерге қос тілде білім беріп келеді.

Ол жоғарғы оқу орнын тәмамдағаннан кейін білім-білігін тереңдету мақсатында арнайы курстардан өтуді ұйғарды.

– Отбасын құрып, мамандығым бойынша жұмысқа кірістім. Бастапқыда жеке оқу орталықтары жұмысқа шақырып, сол жерде келісім
бойынша жұмыс жасадам. Уақыт өте келе өзім «Данышпан education» оқу-дамыту орталығының негізін қаладым. Мұндағы мақсат – бастауыш сыныбында оқитын баланың білімді толыққанды игеруіне жәрдем беру. Өйткені білімнің іргетасы нақ осы бастауыш сыныпта қаланады емес пе, – дейді жас ұстаз.

Иә, «Адамның бір қызығы – бала деген» демекші, бала оқытып, оның болашағына алаңдайтын Шолпан Қалиеваның бастамасы құптарлық іс. Оның қалыптастырған орталығында бүгінде елуден аса шәкірт тәлім алып жүр. Бастауыш сыныпты қос тілде үйрететін эксперт ұстаздың жұмысына ата-аналар да дән риза.

– Балаларымның ерте жастан тіл меңгергенін қалап, орыс сыныбына бердім. Қазақи ортада жүрген балаға өзге тілде білім алу оңайға түспеді. Мектептен кейін тағы да білім алатын орталықты ұзақ іздедік. Шолпан Қасымханқызынан сабақ алғалы үлгерімі артып, тілді үйренулері де оңайлады, – дейді кент тұрғыны Эльвира Мадиярқызы.

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деп
Константин Ушинский айтқандай, Шолпан да үнемі ізденіс үстінде жүреді. Жақында оның ұйымдастыруымен «Білікті ұстаз – білімді ұрпақ» атты педагогикалық кәсіби шеберлікті арттыру бойынша семинар-тренинг өтті. Семинарға аудан ұстаздарынан Аружан Нартайқызы, Нұрайым Мейрамбекқызы, Айгерім Ғабитқызы, №51 мектептің инклюзивті білім беру орталығынан Гүлайым Әбдіжәміқызы, Гүлмира Зәкірқызы қатысты. Алматы қаласынан бастауыш сынып эксперті, киберпедагог орталығының негізін қалаушы Айдана Сәрсенбекқызы
арнайы келіп, ұстаздармен сабақ арасындағы сергіту сәтінде оқушыларға сабақ өтудің әдіс- тәсілдерін бөлісті.

Хош. Ендеше киберпедагогика ғылымына аз-маз тоқталып өтсек. Ол – бүгінгі білім берудегі цифрландыру. Өйткені қазіргі уақытта ел экономикасының барлық саласын цифрландыру күн тәртібінің басты тақырыбына айналды. Осы бағыттағы белсенді жүріп жатқан басымдықтың бірі білім саласын қамтып отыр. Білім саласын цифрландырудағы басты міндет – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық деңгейде түрлі салада әсіресе «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті жастарды дайындау. Демек, осы тұста педагогтардың цифрлық сауаттылығын одан әрі жетілдіре түсу маңызды. Өйткені, цифрлық сауаттылық –
өмірдің барлық саласында цифрлық технологияларды сенімді, тиімді және қауіпсіз қолдануға дайындығы мен қабілеті. Ал, жасанды интеллект дегеніміз адам ойын компьютерде бейнелейтін программалық жүйе. Сол себепті білім беру жүйесінде «виртуалды шындық технологиясы» ұғымы мен киберлік әлеуметтендіру бағытында кибербілім беру және оқыту, кибербілім бойынша арнайы
ұйымдастырылған мақсатты, жүйелі іс-әрекеттер маңызды орын алып отыр.

Демек, киберпедагогиканың адам өмірінді алар орны ерекше. Педагогика саласына жаңадан енген тың тақырыптарды тауып, білім алып, алған тәжірибесін өзгемен бөлісу де үлкен өнер. Тың жаңалықтар мен жаңа бастамаларға жаны құмар жас ұстаз бос уақытын тиімді пайдалануға әдеттенген. Ол аудандағы «Daryn school» жеке мектебінде де бала тәрбиелеумен айналысады. Аталмыш мектепте «Жылдам оқу» және «Кітап time» үйірмесінен сабақ беріп, үлгерімі төмен балалармен жұмыс жасап, балаларды кітап оқуға баулып жүр.

                                                                                                                                             Айсұлу Алданазар

12 сәуір 2023 ж. 206 0