Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қызылордада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 835 бала бар

Қызылордада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 835 бала бар


Облыста 18 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 835 бала бар. Оның 750-і толыққанды отбасында тәрбие алса, 85 бала білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.

Сондай-ақ, балалар ауылының түлектерін әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік бейімдеу орталығы қызмет етеді. Онда 16-23 жас аралығындағы 29 жасөспірім тәрбиеленеді. Оның 12-і жоғары оқу орындарында, 17-ы кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында оқиды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Жүнісова Шолпан хабарлады.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері толық мемлекеттің қарауында. Өткен жылы асыраушысынан айырылған 95 баланың 80-і қорғаншылыққа, 3-і сәбилер үйіне орналастырылды. Ал облыстық мамандандырылған сәбилер үйінде төрт бала тәрбиеленуде. Бүгінгі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін 8 білім бөлімдері бар. Олар өз кезегінде балаларды асырап алу және тәрбиелену бойынша заң аясында жұмыс істейді. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жанындағы қабылдаушы ата-аналар мектебі әр аптаның сенбі күндері екі тілде қашықтықтан курс ұйымдастыруда. Аталған курстан 256 үміткер сертификат алды. Бүгінгі күні 45 үміткер қашықтықтан білім алуда», – деді Шолпан Жүнісова.
18 ақпан 2022 ж. 607 0