» » ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕПТЕР

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕПТЕР


Жаһан елдері арасында білім беру жүйесі бойынша көш бастап тұрған елдің бірі – Оңтүстік Корея. Мұнда балалар 8 және 10 жас аралығында бастауыш мектепте оқиды. Бастауышта корей тілі, математика, нақты ғалымдар, бейнелеу өнері оқытылады. Барлық пәнді бір ұстаз оқытады. Білім беру жүйесінің сатыларына өту емтихан қортындысымен емес, оқушының жасына байланысты анықталады. Тілдерінің грамматикасында өзгерістер көп болғандықтан, ағылшын тілін меңгеру өте қиын. Оқушылар арнайы курстарға барады. Мұнда қоғамдық мектептерден өзге жекеменшік оқу орындары бар. Ол мектептің артықшылығы, білім беру деңгейі өте жоғары. Ақылы мектептер бір оқушы үшін айына 130 доллар алады. Орта мектепті 12-15 жас аралығындағы балалар оқиды. Орта мектептердің тәрбиесі мен талабы өте қатаң. Күнінен 6 негізгі пән 1 мамандандырылған пән оқытылады. Пәндер жыл сайын өзгеріп отырады. Корея білім беру жүйесінде математика мен ағылшын пәніне баса назар аударады.
Сонымен қатар, дәстүр бойынша сабақты қыркүйек емес, сәуір айында бастайтын елдің бірі – Жапония. Олардың түсінігінше, сәуір айы жаңа өмірді бастау үшін ең қолайлы ай. Жапондықтар бастауыш сыныпқа 6-7 жасында қабылданады. Мектептері бастауыш, орта және жоғарғы деңгейге бөлінген. Олар бастауыш сыныпта 6 жыл, орта және жоғары сыныпты 3 жылдан оқиды. Білім саласы 12 жылдық, оның 9 жылын кез-келген жапондық оқуға міндетті. Жапония оқушыларына демалыс берілмейді. Олар демалыс уақытының барлығын емтиханға дайындықпен өткізеді. Білім саласында сынақ тапсыру 7-сыныптан басталады. Оқушылар жылына екі-үш рет сынақ тапсырады.
Үздіктер қатарынан табылған Ұлыбритания мектептеріне де әлем елдерінің сұранысы өте жоғары. Британдық мектептер «Барлық жерде оқытады, бірақ біз нағыз серілерді тәрбиелеп шығарамыз» деген ұранды ұстанады. Білім беру жүйесіндегі біріккен Корольдікке тән ерекшелігі – ақылы интернаттар. Бүгінде мұндай пансионаттарда ақсүйектер ұрпағы білім алады. Бастапқыда 2-7 жас аралығындағы балаларға «рreparatory schools» жүйесімен білім беріп, 7-13 жаста «junior schools» жүйесі бастауыш сынып білімін береді. Бастауышты бітірген оқушы емтихан тапсыра алмаса, ол үшін болашақ жабық. Ал, «Senior School» – 13-18 жас аралығындағы балалар білім алып, GCSE емтиханын тапсыру арқылы «A-Level» немесе «International Baccalaureate» бағдарламасына өтеді. Университет бітірген студент 21 мың фунт айлық алатын жұмысқа тұрмаса, кредитін төлемеуге болады.
Сондай-ақ, АҚШ-тың мектептерінде оқу тәртібі тіл және әдебиет, нақты және гуманитарлық ғылым, т.б. болып бірнеше категорияға бөлінген. Жоғары сынып оқушылары әр саладан кредиттік жүйе жинақтайды. Сол жиналған балл арқылы оқушының деңгейі анықталады. Жалпы алғанда, АҚШ-та өзіндік оқу ерекшелікке ие. Онда мұғалім оқушыны жеке шақырып алып, бағасын өзіне ғана көрсетеді. Әр жарты жыл сайын ата-анаға баласының үлгерімін жіберіп отырады екен.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
04 қыркүйек 2018 ж. 2 697 2

Гость Jeahulalf от 27 ақпан 2019 12:29
Propecia Barato Erectile Dysfunction In Mens buy viagra online Buy Olanzapine Buy Nolvadex For Lab Rats

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 21:44
Propecia Canadian Cialis Soft Branded Cialis Mail Order Priligy 30 O 60 Mg priligy prix a paris Pfizer Viagra Sales How to buy isotretinoin Riverside Clomid Effet Secondaire