№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Оразаның олжасы

Оразаның олжасы

Бүгін, Рамазан айының алғашқы күні Жаңақорғанда жарқын, жағымды жаңалықпен басталды. Жылдағы дәстүр тағы жаңғырды. Ауданның белсенді жастарын жинақтаған «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының баянды бастамасы үміт күткен кісінің үмітін жақты. Ол қазір құпия, алдағы уақытта анықталады.Кенттің МАИ бекеті аумағынан он отбасыға арналған жер телімі бөлініп, сол белгіленген алтыншы үйдің іргетасы қаланды. Асар әдісімен салынатын осы үйлер тек Рамазан айымен басталып, ораза аяқталар тұста табысталады. Жанашырлыққа жаны жақын Жаңақорған жастары мұны парызым деп есептейді. Алдымен әлеуметтік желіден хабар таратылып, соған әркім өз мүмкіндігі мен қабілетіне қарай ұсыныс түсіреді. Айталық, есік сатып алуды Төрежан, жылу жүйесін ағайынды Сержан, Бақжан, Ерсұлтан мойнына алды. Жарық жүйесін тартуды Бексұлтан мен Қадыр істеп беретін болды. Шатыр жабуды ағайынды Исаевтар жыл сайын атқарады.
Үй құрылысына жауапты Данияр Досантаевтың айтуынша, аудан орталығындағы «Камаз» көлігін жүргізуші жастар аталған нысан басына топырақ, тас төгіп берді. Ал, іргетасқа толық жететін бетонды арнаулы көлігімен кәсіпкер Нұрлан Кенжебеков жеткізіп, азаматтық көмегін көрсетті.
Жаңа үйдің іргетасын қаланар алғашқы күні аудан әкімі Руслан Рүстемов барып, жастар жігеріне ағалық рух берді. Бағы басым іске береке тіледі. Ел ағасы Сайдулла қажы Омаров бата беріп, рақымды іс бастағандарға шарапатты сөзін арнады.
Сонымен үй құрылысы басталды. Оразаның аяғында жастар кеңесі баспанаға өте мұқтаж отбасын анықтап, тосыннан сый етіп тапсырады. Осындай озық ойлы жаңақорғандық жігіттердің жанашырлық сезімі өзгелерге де өнеге болсын!

Қаныбек ӘБДУОВ
18 сәуір 2021 ж. 400 0