№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕРДІ БІЛЕСІЗ БЕ?

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕРДІ БІЛЕСІЗ БЕ?

Жүктілік кезінде әйел бойын қорқыныш пайда болады. Осы сәтте жақындарының қолдау көмегі қажет. Көктем кезінде жүкті болған әйелдер денсаулығына, тамағының нәрлілігі мен ұйқысының қанық болуына көп көңіл бөлуі керек. Күз мезгілі жүктіліктің ең қолайлы кезеңі десек те болады, адам ағзасында жазда дәрумен қоры жиналып, жүктілікке байланысты өзгерістерге үйренісу көбінесе суық айларда жеңілірек болады. Жалпы жүктілік соңғы етеккір келген күннен бастап орташа есеппен 280 күн, яғни 40 аптаға созылады.

Мерзімінен ерте босану – жүктіліктегі өзекті мәселелердің бірі. Бұл 37 аптаға толмай босану – уақытынан ерте босануға жатады. Болашақ ана мұндай жағдайдың орын алмауы үшін, дәрігерден кеңес алып отыруы қажет.
Уақытынан ерте босанудың ең жиі кездесетін себебі – жүктіліктің қиын жағдайда өтуі немесе әйел өмірінде орын алған акушерлік-гинекологиялық ауытқулар.
Тағы бір себеп – болашақ анадағы ішкі ағзалар аурулары. Оның қатарына инфекциялар, бүйрек, жүрек – қан-тамыр аурулары, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы және тағы басқа сырқаттар жатады.

Жүкті әйел әрдәйім жеке басының тазалығына көңіл бөлуі маңызды. Себебі,инфекция баланың тұншығып, сондай-ақ, иммундық тапшылықпен туылуына әсер етеді. Жүктілік жатырдың қаншалықты мықтылығына және созылғыштығына байланысты жүреді. Ол әлсірегенде, ағза баланы сыртқа шығаруға тырысады. Әрине, барлық нәрсенің уақытымен болғаны дұрыс. Дегенмен, мерзімінен ерте босанудың аналарға қауіп төндіретіні жасырын емес. Бұл тек акушерлік мәселе ғана емес. Оның әлеуметтік-экономикалық себептері де бар. Қалай болғанда да, болашақ аналарымыз өздерін күтіп, сәбиінің жарық әлемді уақытымен көруін қамтамасыз етуге тырысуы қажет. Аналарымызға моральдік, физикалық тұрғыдан ауырлық түсірмей, аялай білгеніміз ләзім.
Уақытынан ерте босанудың негізгі себептерінен бөлек, мынадай факторлар да бар: жұмыста немесе үйде орын алған күйзелістік жағдай, отбасылық өмірдегі келеңсіздіктер, тұрмыстық жағдайдың қолайлы жасалмауы, ауыр жұмыс, дұрыс тамақтанбау, өте ерте немесе тым егде жас-та босану, дене температурасының қатты көтерілуі. Босанғанға дейін жүкті әйел барлық тексерулерден мерзіміне қарай өтіп, табылған аурулардан сауықтыру емін алып үлгеруі тиіс.
Жүктілік кезіндегі қауіпті белгілер: қынаптан қан аралас бөлінді келуі, аяқ-қол мен беттің жансыздануы, бастың қатты ауруы, көру қабілетінің бұзылуы, жүректің жиі соғуы, ентігу немесе ауа жетпеу, іштің ауруы, құсу, дене қызуының 37,5 градустан жоғарылауы, қағанақ суының ерте кетуі, дененің ісінуі.
Әр әйелде аймақтық медицина қызметкерлерінің қалта телефоны болғаны, аталған белгілер байқалса, тез арада дәрігерге көрінгені абзал. Жүкті әйелдер машинасы, байланысы жоқ алыс жаққа бармауы, жалғыз қалмауы, қауіпсіз жерден ұзамауы, ауруханаларға жақын жерде болуы қажет. Сондықтан әрбір жүктілік кезінде сақтық шараларын күшейіткеніңіз абзал.

Жанна РЕЕВА.
Жаңақорған ауданаралық ауруханасының перзентхана бөлімінің акушеркасы.
07 сәуір 2023 ж. 897 0