№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Пандемия кезіндегі жүкті ана денсаулығы

Пандемия кезіндегі жүкті ана денсаулығы

«Сіз ана боласыз» деген жылы хабарды естіген сәттен, жүрегіне қуаныш ұялап өзгеше күй кешер нәзікжанды өзінің және дүниеге әкелетін нәрестенің денсаулығына жауапты. Сол себептен де жүктілік анықталған сәттен бастап, болашақ аналардың салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн. Жүктілік мерзімінде алдыға шығар сауал көп. Әсіресе, коронавирус эпидемиясы кезінде аяғы ауыр әйелдер арасында дәрігерлер мен психологтарға жүгінушілердің саны артқан. Көбшілігін алаңдататын сауал: «Қауіпті вирусты жұқтырсам, балама әсер ете ме?» Жүктілікті жоспарлау, жүктілік кезінде ағзада болатын өзгерістер, жүктілік асқынулары, жүктілік кезіндегі әйелдерге берілетін кеңестер мен жиі кездесетін аурулардың алдын-алу мәселелері төңірегінде жоғары санатты дәрігер-гинеколог Баязова Рабиға Рамататуллақызымен әңгімелескен болатынбыз.
– Коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдер нені білуі қажет, маман ретінде нендей кеңес бересіз?
– Қазіргі уақытта елімізде, әлемде болып жатқан ахуал оңай болмай тұр. Әсересе, жүкті әйелдер үшін өте қауіпті. Жүкті ананың ағзасында бала біткеннен бастап иммундық жүйесі әлсірейді. Ол физиологиялық процесс. Осындай иммунитет әлсіреген кезде вирусты жұқтырып алу қауіпі жоғары. Өйткені, бұл вирус толығымен зерттеліп біткен жоқ. Әрі емдеу протоколы толық емес. Сондықтан әрбір жүкті әйел өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарап, қорғауы керек. Барынша қауіпсіздік шараларын сақтау тиіс. Онсызда әр уақытта да жүктілік сәтті өтпейді. Сондықтан да оның өз асқынулары бар. Ең жиі кездесетін асқынулар: токсикоз, гестоз, жатырдан тыс жүктілік, уақытынан бұрын босану, түсік тастау, ана мен бала арасындағы резус сәйкессіздік, преэклампсия және эклампсия болып табылады.
– Соңғы уақыттары баланың өспей қалуы, іште дамымай қалуы өте көп кездеседі. Бұған мына вирустың әсері бар ма?
– Бұл нақты осы вирустың әсері деп дөп басып айта алмаймыз. Өйткені, нақты себебі әлі дәделденген жоқ. Қан кетудің себептері көп. Мәселен, ол жүктілік кезіндегі қауіптен (угроза) болуы мүмкін. Сондықтан дәл осы вирустың әсерінен қан кету оқиғалары жиі орын алады деген дәлел жоқ. Коронавирус болмаса да мұндай жағдайлар біздің тәжірибемізде жиі кездеседі. Індет асқынған уақытта дәрігерлердің жетіс­пеуінен провизорлық орталықта жұмыс жасадым. Сонда түйгенім, адамдардың нашарлауы, қайтыс болуы қан ұюынан. Біз науқастарға қан ұйытатын антикогуланттар беріп жатырмыз. Неге десеңіз, бұл аурудың асқынуы ол қан ұйып қала береді. Қаны тез қоюланады да тромбоэмболия қатерге алып келеді. Сондықтан мен ойлаймын баланың іште өліп қалу себебі, қанның қоюланып қалуынан. Егер жүкті әйел короновируспен ауырған болса қан өзінен-өзі ұйып қалады. Жүктіліктің дамымай қалуының бірден бір себебі осы деп ойлаймын, бұл менің жеке пікірім.
 –  Жалпы дамымай қалған жүк­ті­ліктің себептері неде? Балалы болғысы келетін аналар нені білуі керек?
–  Бұның себептері өте көп. Бір ғана нәрседен болады деп ойлауға болмайды. Мысалы, жүктіліктің ал­ғашқы айларында жүкті әйел қатты тұмауратса, жейтін тамағы құнарсыз болса, жыныс жолдары арқылы инфекция жұқтырған болса немесе әйелдің бойында генетикалық ақаулар байқалса, гормондық ауытқушылықтар болса (эстроген және прогестерон гормондары арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы), стрестік жағдайларда антидепрессанттар қолданылса, спиртті ішімдіктер, есірткі заттары және темекі секілді зиянды заттар пайдаланса, зиянды ортада жұмыс істейтін болса, ұрықтың жетілмей қалуы мүмкін. Оны  осындай жағдайды басынан өткерген әйелді тексеруден өткізгеннен кейін ғана нақты айтуға болады.
– Коронавирус жұқтырған аяғы ауыр әйелдер қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдай ала ма? Дәрі қабылдаған жағдайда оның бала денсаулығына тигізетін зияны қандай?
– Өздеріңізге де белгілі, жүктілік уақытында дәрі-дәрмекті тұтынуға кеңес бермейміз. Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда ғана саралап ұсынып жатамыз.  Жүктілік кезінде көбіне фолий қышқылы қолданылады. Ол барлық дерттің алдын алуға арналған дәрумен. Ал коронавирусқа шалдыққан аяғы ауыр әйелдерді терапевт дәрігер тексереді және науқастың жағдайына байланысты ем тағайындайды.
– Соңғы уақыттары кейбір бұқаралық ақпарат құралдарынан дәрігерлер қауымы мына індет аяқталғанға дейін әйелдерге жүктілікті жоспарламау қажет деп кеңес беріп жүр. Бұл қаншалықты орынды?
– Бұл жерде аналарға нақты кесіп, жүктілікті тоқтата тұру керек деп айтуға болмайды. Дей тұрғанымен, дәрігерлердің бастамасы орынды. Себебі кейбір кезде ананы да, баланы да аман алып қалу қиын болып жатады. Оған індет қосылса, тіпті қиындап кететіні өздеріңізге белгілі. Сондықтан коронавирус өршіген тұста жүктілікті жоспарлауды кейінге қалдыруға болады.
– Індеттің алдын алу үшін жүкті әйелдер қандай тағамдар және дәрумендер ішкен жөн?
– Жүкті әйелдер күніне 4-5 рет құнары мол тағамдарды қабылдаған аса пайдалы. Сондай-ақ жүктілікті жоспарламай тұрып, 3 ай бұрын және жүктіліктің 12 аптасына дейін фолий қышқылын ішуі қажет. Бұл дәрумен баланың жүйке жүйесінің дұрыс дамуына зор ықпал етеді. Уақтылы ұйқының да пайдасы көп. Ұйқы аз болса, иммунитет төмендейді. Сонымен қатар, карантин талаптарын қатаң сақтаған жөн. Үнемі бетперде тағып, қолымызды антисептикпен залалсыздандырып, ашық аспан астында көп жүру керек. Әсіресе, аяғы ауыр әйелдер жабық ғимараттарға көп бармағаны дұрыс. Өйткені ғимарат ішіндегі ауа үнемі желдетпегеннен кейін лас болады.
–  Жүкті әйелдерге қандай кеңестер беріледі?
– Жүктілік анықталғанда дер кезінде есепке тіркелуге, дәруменді кешен қолдануға дұрыс тамақтануға, дәрі-дәрмектерді дәрігер рұқсатынсыз қабылдамауға, уақытылы күніне 8-9 сағат ұйықтауға және таза ауада жиі серуендеуге шақырамыз. Сонымен бірге жүктілікті жоспарлау кем дегенде 3 ай алдын жоспарлаған дұрыс деп есептеймін.
–  Осы тұста айта кетіңізші, түсік тастаған аналар қажетті анализдерді тапсырып, ем қа­былдау керек. Бізде бұл қалай жүргізіліп жатыр. Ақылы ма, әлде тегін қарастырылған ба?
–     Егер әйел сақтандырылған болса, анализдерді тапсыру ақысыз. Базадан қарап, жолдама беріп жатамыз.
– Кеңесіңізге рахмет.

Әсел Рзаева
10 сәуір 2021 ж. 936 0