№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аяғы ауыр анаға кеңес

Аяғы ауыр анаға кеңес



Анемия немесе қаназдық қай адамға да болсын жақсы әсерін бермейді. Ал жүкті әйелдер үшін  мүлде қауіпті: жүктіліктің дұрыс дамымауына, қиын босануға, құрсақтағы нәрестенің дұрыс жетілмеуіне соқтырады.Сондықтан жүкті әйелдің қаназдығының мәселесін қалай жолға қоямыз? Біз осы сауалға маман ретінде жауап беруді жөн санаймын.
Қаназдық дегеніміз — ағзадағы темірдің аздығы. Яғни, ағзада темірдің аз болуынан эритроцит (қызыл қан түйіршіктері) және оның құрамына кіретін гемоглобин мөлшері азаяды. Ал жүкті әйелдердегі қаназдықтың 90 пайызы темірдің жетіспеуіне байланысты.

Жалпы, адам ағзасында 4 грамдай темір болады. Бұл — ағза үшін өте маңызды элементтердің бірі. Организмдегі темірдің 75 пайызы гемоглобинде. Темірді, негізінен, мал өнімдерінен (ет) толық сіңіруте болады, ал өсімдік тектес тағамдарда ол едәуір кем. Тағамдарды пісіру, қатты тоңазыту және ұзақ сақтау кезінде оның құрамындағы темір мөлшері азайып кетеді.
Ағза темір тапшылығын 4-5 жылда қалпына келтіре алады. Сондықтан әйелдер жүкті болар алдында осыны ескеріп, алдын-ала темірі мол тағам тұтынғаны жөн.
Анемияның темірдің жетіспеуінен басқа да себептері бар. Ішкі ағзаның созылмалы аурулары, атап айтқанда, ревматизм, жүректің қабынуы, пиелонефрит, гепатитпен ауыратындар да қаназдыққа бейім келеді. Бауыр аурулары кезінде ағзада темірдің сақталуы және оның тасымалдануы бұзылады. Ішек-асқазан аурулары кезінде де күтіну керек.
Жүктілік кезінде бірқатар дәрумендер мен кобальт, марганец, мырыш, никель секілді шағын элементтердің жетіспеуінен қаназдық өрши түседі. В12 дәруменінің, фолий қышқылының, ақуыздың аздығы да кері әсер етеді.
Жүкті әйелдер қаназдықтан тек медициналық жолмен ғана емес, сонымен қатар арнайы емдәм арқылы да емделе алады. Ет өнімдері, жұмыртқа, балық құрамында темір көп екенін ескеру қажет. Какаода, жұмыртқаның сарысында, бұзау етінде, бұзаудың бауырында, жүректе, күркетауық етінде темір көп. Сондай-ақ, жүкті әйелдер ірімшік, қаймақ, кілегей секілді сүт өнімдерін, қызанақ, сәбіз, қызылша, асқабақ, қырыққабат тәрізді көкөністерді жиі пайдаланғаны жөн. Өрік, анар, лимонның да пайдасы зор.
Қаназдықтың алдын алу және одан емделу үшін дәрі-дәрмектер қолданылады. Бірақ мұндай жағдайда тамақтанудың тәртібін ұстану керек. Абзалы жүкті әйелдерге аскорбин қышқылын пайдаланған дұрыс.
Ағзадағы гемоглобин мен эритроциттер құрамының деңгейі қалыпқа келгеннің өзінде емді тоқтатуға болмайды. Ағзадағы гемоглобин деңгейінің тұрақтануы темір қоры қалыпқа келді дегенді білдірмейді. Осы мақсатта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екі-үш ай емделгеннен кейін анемияның гематологиялық жағдайы жақсарғанның өзінде терапияны тоқтатпауды, тек дәрі-дәрмек мөлшерін екі есе азайтуды ұсынады. Сондықтан үнемі терапевт дәрігердің бақылауында болу керек. Сондықтан қаназдығын елемей, болашақ ұрпағыңыздың денсаулығына немқұрайлы қарамаңыздар, жас аналар!
Жанна Реева
09 қаңтар 2024 ж. 280 0