№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жолдау жүгі жауапкершілікті еселейді

Жолдау жүгі жауапкершілікті еселейді


Ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауынан туындаған басым бағыттарын алға тарта отырып, оның орындалуы мен жолдарын жүйелі іске асыру басты міндет. Әсіресе, елдің әлеуетін арттыратын жобаларды, елдегі саяси реформалар мен экономиканың, мәдени саланың дамуына басымдық беру маңызды қадам. Осы мақсатта, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын қолдау ретінде және алдағы бағыт-бағдарды айқындау мақсатында аудан әкімдігінде актив отырысы өтті.


Аудан әкімі мен жауапты сала басшылары және ауыл әкімдері бас қосқан жиында Жолдауда жүктелген негізгі тарауларды талқылап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудан басшысы Руслан Рүстемов актив отырысын ашып, жаңа Қазақстанға бастайтын маңызды құжаттың ауқымды саяси реформаларды аудан көлемінде жүзеге асыру бойынша нақты шараларға тоқталды.
Жалпы Жолдаудағы бірінші ба­ғытты Президент өзінен бастағаны белгілі. Онда Президенттің бірқатар өкілеттігі қысқарады. «Қазір бізде барлығы Президентке келіп тіреледі. Бұл – дұрыс емес. Біртіндеп бұдан бас тартуымыз қажет. Мен үшін мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесі биліктің қосымша мүмкіндіктеріне және уақытша ықпалына қарағанда әлдейқайда маңыздырақ», деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Пре­зиденттің партия мүшесі болуын заңды тұрғыдан тоқтатуды ұсынды. Сондай-ақ ол әкімдердің партия филиалдарын басқаруды шектеу керектігін тапсырды. Президенттің жақын туыстарының лауазымды басшылыққа тағайындалуына заң­мен тыйым салынатынына да тоқталды.
Ал халықтың сенім мандатына ие болған депутаттар өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, мемле­кетімізді өркендету ісіне белсене атсалысады. Бұдан былай сайлау алдындағы уәдесін орын­дамаған депутатты кері қайтаруға болады. Президент Мәжіліс пен мәслихат­қа депутаттардың пропорционалды-можаритарлы сайлау моделі бой­ынша сайланатынын жеткізді.
Пропорционалды және мажо­ритарлы жүйе қатар қолда­нылса, саяси партиялардың рөлі сақталып, азаматтық қоғамның басты институттарының бірі ретін­де қала бермек. Демек, халық қалаулыларына артылар жүк арта түседі.
Актив отырысында аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Соп­беков пен аудандық мәслихаттың депутаты Әсемкүл Тілеубергенова мәлімдеме жасады. Ғалымжан Жарқынбекұлы Жолдаудағы депу­таттарға жүктелген жүк пен заңдылық негіздерге сүйене атқа­рылатын жұмыстар мен жоспар­ларды саралады. Ал, Әсемкүл Манапқызы он бағыт бойынша атқарылуы тиіс тапсырмаларды жіктеп, мақсаты мен міндетін жет­кізді. Сондай-ақ, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілқайыр Сыздықов хабарлама жасап, алдағы уақытта өңірлік деңгейде қандай қадамдар әзірлегендіктері жөнінде жоспарларымен бөлісті.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі Руслан Рүстемұлы: «Мемлекет басшысының Жолдауында ұтымды ұсыныстар, кесімді пікірлер мен нақты тапсырмалар берілді. Жаңа Қазақстанды құру жолында бәрімізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Президент ұсынған бастамаларды жүзеге асыру – баршамыздың халық алдындағы азаматтық борышымыз деп қабылдап, барлығыңызды аянбай еңбек етуге шақырамын» – деп Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берді.

Жалпы Президент Жолдауында айтылған саяси реформалар қаң­тардағы дағдарыстық оқиға­лардың салдары ғана емес, биліктің сол кезде туындаған мәселелерді шешуге деген ұмтылысы болатын. Реформалар 2019 жылы басталды, олардың қазіргі кезеңі табиғи және сәл кейінірек орын алуы мүмкін, бірақ бұл реформалар ел үшін аса қажет, сондықтан күшті демократиялық мемлекет құруды олардың нәтижелерінсіз елестету қиын.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы реформаларды жүргізу қажеттігін идеологиялық тұрғыдан тереңірек және кеңірек талдап бергенін ерекше атап өтуге тиістіміз. Біздің елімізде жаһандық, түбегейлі өзгерістер бұрынғы жүйені бөлшектеместен тез арада жүргізілмейді. Сонда да бастама бар, ендігі міндет Мемлекет басшысы айтпақшы, «келісіп пішкен тон келте болмас». Қалғанын уақыттың еншісіне қалдырайық...

Әли ТЕМІРБЕК
31 наурыз 2022 ж. 274 0