Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 75

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ауыл әкімдерін сайлау басталды. Манап тұрғындары белсенді

Ауыл әкімдерін сайлау басталды. Манап тұрғындары белсенді

Ел тарихында алғаш рет ауылдық округ әкімдерін халық сайлайды. Міне, сол еліміздегі саяси науқан басталды. Биыл Жаңақорған ауданында 13 округ әкімі сайланады. Сонымен сағат 7:00-ден бастап ауылдағы ағайын сайлау үйіне аяңдай бастады. Көптің тілеуі жалғыз, ол – сенім үдесінен шығатын әкімдерін сайлау.
Таңмен таласа сайлау үйіне келген тұрғындардың қарасы көп. Әсіресе, аға буын, ардагерлер көшті бастапды. Осы көштің ішінде 76 жастағы Манапта тұратын Күнсұлу әжеміз бар.
– Ауылдың тынымсыз тірлігі күн шығарда басталады ғой, сондықтан ерте келіп, елмен бірге дауыс беруге асықтық. Шыны керек, бұл сайлау ел тарихындағы елеулі оқиға болғалы тұр. Әдетте сайлауға келіп, дауыс бере беруші едік. Жүк ауылдағы ағайынға түскеннен кейін, көптің көкейінде көп сұрақтар, жауапкершілік тұр. Алла абырой беріп, ауыл халқы күткен әділ сайлау болады деген ниеттеміз. Өйткені, ауылға жаңашылдық, жаңа бетбұрыс керек. Біз асарымызды асадық, жасарымызды жасадық, болашақ жастардың қолында. Сондықтан жастардың өсуін, бағыт-бағдарын қолдаймыз. Ең бастысы, ел аман, жұрт тыныш болсын, бізге керегі – ауызбіршілік пен бірлік. Сонда ғана біздің ертеңіміз, келешегіміз нұрлы болады, қарақтарым, – деді Күнсұлу Тоқсанбаева.
Осы сайлау барысында біздің қоғамда демократиялық үрдістер жетілу үстінде ме деген сұраққа жауап алатын боламыз. Қалғанын уақыт еншісіне қалдырайық.
25 шілде 2021 ж. 794 0