№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қанша теңге бөлінеді

Зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қанша теңге бөлінеді

  Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қанша қаражат бөлінетінін айтты
  Зейнетақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді индексациялау үшін 315,6 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы үкімет басшысының бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

теңге, ақша
Төтенше жағдай кезінде халық пен экономиканы қолдауға 3 бағыт бойынша қосымша шығыстар көзделеді.
"1 сәуірден бастап әлеуметтік төлемдерді индексациялау және шетел валютасының өзгеруіне байланысты шығыстарды өтеу жүзеге асырылады. Оған 315,6 миллиард теңге бағытталады", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде президенттің тапсырмаларын іске асыруға 293 миллиард теңге қарастырылған.

"Бұдан бөлек, "Жұмыспен қамту жол картасына" 1 триллион теңге бағытталады. Инфрақұрылымдық жобалар іске асырып, 250 мың жұмыс орны ашылады", - деді қаржы министрі.

Ал "Бизнестің жол картасына" қосымша 84,5 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.
Бағдарламада кәсіпкерлердің кредиті бойынша субсидиялау және кепілдендіру арқылы кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту көзделіп отыр. Бұл шамамен 16 мың жұмыс орнын ашуға және 250 миллиард теңгеден астам салық түсуіне мүмкіндік береді.
"Сондай-ақ, азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік, тұрмыстық жиынтық беруге 30,8 миллиард теңге көзделеді. Осы шаралар жалпы 2 миллион астам адамды қамтиды", - деді Смайылов.
"Еңбек" бағдарламасын іске асыруға 50 миллиард теңге қосымша қаражат қарастырылған.


"Коронавирустың таралуы бойынша қазіргі жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысы карантинге тартылған медициналық және басқа да қызметкерлерге қосымша ақы төлеуді тапсырды. Бұл мақсаттарға 40,5 миллиард теңге көзделеді", - деді бірінші вице премьер.
Бюджет кірістері бойынша шығындарды өтеуге және осы шараларды іске асыру үшін республикалық бюджет шығыстары 532 миллиард теңгеге оңтайландырылды.

Бюджет тапшылығы 841 миллиард теңгеге ұлғайтылды.
Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі тиісті жарлықтың жобасы президенттің қарауына жіберіледі.


sputniknews.kz
02 сәуір 2020 ж. 616 0