№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Армысың, Әз-Наурыз!

Армысың, Әз-Наурыз!




Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз да келіп жетті. Бұл күнді күллі қазақ жұрты үлкен тойға ұластырып, дүбірлетіп, алты алаштың басын біріктіріп, ұлттық нақышта атап өтті. Жаңақорған төрінде де бұл мейрам көпке қуаныш сыйлады. Биыл орталық алаңға емес, заманауи “PRIME PARK” саябағына жиналған жаңақорғандықтар мерекелік кештің, қазақы салт-дәстүрдің куәсі болып, ұлттық тағамнан дәм татып, шат-шадыман көңіл-күйде болды. Жиылған жұрт алғысын жаудырып жатты.
Шыны керек, биылғы Наурыз мейрамында саябаққа жиналған халықтың қарасы көп болды. Ағыл-тегіл келіп жатқан көпшіліктің жүздерінен мерекелік көңіл-күй сезіліп, таңнан саябақ төрінде болды. Қазыналы қариядан, еңбектеген балаға дейін қонақ болып келіпті. Мерекеге келген жұртшылықты аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов құттықтап, жылы лебізін білдірді. – Құрметті жерлестер, қадірлі қауым! Тарихи тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы қай кезде де, қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келген. Бүкіл Шығыс халқына, барша түркі жұртына ортақ Наурыз мейрамы – жаңарған Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісін, ертеңі мен болашағын жалғастыратын басты мереке. Ұлыстың ұлы күні – қай кезеңде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдетғұрыптарымыз жаңғыртылып, жалпы адамзаттық құндылықтар дәріптелген. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы елімізге, әрбір отбасына ауызбіршілік пен қуаныш, құтбереке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын! – деп ізгі тілегін білдірді. М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі ұйымдастырған шараның мәні мен маңызы тереңде. Ұлттық тағамдар мен наурыз көже ұсынған мекемелер мен балабақшалар ұжымына, ұстаздар қауымына жұртшылық алғаусыз алғысын айтты. Қаз-қатар тігілген киіз үй, орталық мешіт алдында жайылған ақ дастарқан мәзірі аудан халқына ұсынылды. Аудандық музей ұжымы көне дәстүрлерден сыр шертетін, күмістен жасалған әшекей бұйымдарын ұсынса, Түгіскеннен келген өнер ұжымы қазақы дәстүрді жаңғыртты. Балаларға базарлық ретінде ойындар ойнатылып, техникалар тегін қызмет көрсетті. Ұлттық спорт ұлықталып, балғын білектілер бақ сынады. Қазақша күреспен қатар қол күрес, гір тасын көтеруден де жігіттер жалындады. Иә, Наурыз – тіршілік біткеннің қайта түлеуі. Жер-Ананың жіпсіп, ақ көрпесін сілкіп тастап, көк шығып, көркеюіміз. Мал атаулының жайылымға шығып, аузымыздың аққа кенелуі. Қыбырлаған жаны бар тіршілік атаулының табиғатпен бірге оянуы. Қыстан қысылып шыққан халықтың жылымық келгенге арқа-жарқа боп қуануы. Наурыз – татулықтың, берекебірліктің мерекесі. Наурыз тойының тағы бір тамаша атрибуттарының бірі – Наурыз көже. Жеті түрлі құнарлы азықтан жасалатын тағам келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әрбір шаңырақта міндетті түрде дайындалады. Бұл күні үй иесі дастарханына қыстан сүрлеп, сақтап келген бар дәмдісін салады. Бұл ізгі ниеттің негізгі мағынасыкелген жаңа жыл молшылық, берекелі жыл болсын дегені. Наурыз-бұл өнер мерекесі, еңбек мерекесі. Ұлыстың ұлы күнінде халық бар өнерін ортаға салып, жүзден жүйрік анықталады. Ат шаптырып, аударыспақ ойнап, жамбы атып, балуан күрестіріп, ұлан-асыр той жасайды. Өнер иелері арасында Ақбота Керімбекова мен Наркенже Серікбаева арнайы келіп, әннен шашу шашты. Ауданның өнер ұжымы театрландырылған көрініс қойып, сан өнерден сән берді. – Көктемнің әр күні мереке, ырыснесібеге толы. Наурыз мейрамын асыға күтетініміз рас. Биылғы мереке аудан төрінде жақсы ұйымдастырылыпты. Қуанып жатырмыз, жылдың басы жақсылықпен басталды. Бұйырса, қоян жылы әр шаңырақ шаттыққа толсын, бірілігіміз бекем, ынтымағымыз берік болсын, – деді кент тұрғыны көпбалалы Анаркүл анамыз. Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі. Олай болса, Наурыз құтты болсын! Төрт түлік сүтті болсын. Асқа толсын қазаның, кең пейілді қазағым! Еңбегің жемісті болсын, жан-дүниең жаңарсын, көңілің сүттей ағарсын! Жаңа жыл ұлысты болсын. Еліміз ырысты болсын! Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным бар. Бір сөзбен түйіндесек, Наурыз-рухани жаңғыру айы. Рухани бай, өркениетті елге айналайық!

                                                                                                                               Әлібек Жарықбаев
25 наурыз 2023 ж. 272 0