№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құнанбайдың қыздары ел чемпионы

Құнанбайдың қыздары ел чемпионы



Жаңақорған төрінде өткен қол добынан кіші жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында ауданның “Сығанақ” командасы атой салды. 5 күнге созылған чемпионатқа елдің әр өңірінен 12 команда, 192 спортшы бақ сынады. Астана, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақмола, Түркістан, Қарағанды облыстары және Жетісай қаласы, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған ауданынан жас гандболшылар келді.
2008 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер сынға түскен жарысты «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов, аудан әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов пен «Қайсар» гандбол клубының президенті Вячаслав Ким ашып, құттықтады. Сонымен барша жаңақорғандықтар жанкүйер болған Құнанбай бапкердің қыздары қарсыластарын қапы қалдырды. СК Жетісайды (Түркістан облысы) 36:18 есебімен тізе бүктірсе, Қазалы құрамасынан да айласын асырды. Есеп 34:12. Сығанақ гандболшылары жартылай сында Қарағанды қыздарын 31:19 есебімен мойындатты. Ал, шешуші ойында Астана қаласынан келген қонақтарды 25:16 есебімен басым түсіп, теңдесіз екендерін мойындатты. Екінші тұғыр Астана, қола Қарағанды қыздарына бұйырды. Сондай-ақ, “Үздік қақпашы ”жаңақорғандық қыз Қызжібек Ғалым иеленсе, “Үздік орталық үйлестіруші” жүлдесі тағы да Сығанақ ойыншысы Нұрдана Қырғызбайға бұйырды. “Үздік жартылай оң қаптал” біздің Асел Бахитжанға, “Үздік жартылай сол қаптал ”Қарағанды ойыншысы Юниман Эляға, “Үздік оң қаптал” Алматы облысы құрамасынан Голушко Анастасияға табысталды. Ал, “Үздік сол қаптал” және “Үздік желілік” ойыншы қос астаналық қыз Лера Мишарина мен Меруерт Дүйсенбайға берілді. Бас бапкер Құнанбай Салыбековтің шәкірттері шашасына шаң жуытпай тұр. Чемпиондарды құттықтап, жаттықтырушымен алдағы жоспарын білдік. – Осы айдың 20-26 аралығында Астана қаласында жасөспірімдер аралығында Қазақстан чемпионаты өтеді. Оған дайындыламыз. Сәуір айының 10-16 жұлдызында Қостанайда ел біріншілігінде өнер көрсетеміз. 17-24 сәуір аралығында Қызылордада ҚР жазғы спартакиадасына барамыз. Одан бөлек биыл Жанерке Сейітқасым Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама сапына шақыртылды. Әрі, келер жылдың Олимпиадасына жолдама үшін ұлттық құрамада тағы бағын сынайды, – деді чемпион қыздардың бапкері. Иә, Жанерке бастаған қыздардың соңынан ерген кіші жасөспірімдердің жетістігі осылай көрінді. Бұйырса Жанерке секілді осы оғландар ұлттық құрама сапын толықтырып, байрақты бәсекелерде көк туымызды көкте желбіретеді деп күтеміз. Ең бастысы, қарқыны қатты қыздарға әрқашан демеу болып, қолдау көрсетіп тұрсақ нұр үстіне нұр болар еді.

                                                                                                                                                Әлібек ТЕМІРБЕК
15 наурыз 2023 ж. 148 0