№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас гандболшылар жарады

Жас гандболшылар жарады


Шымкент қаласында гандболдан 2007 жылы туылған және одан кіші жасөспірім қыздар арасында өткен ел чемпионатында жаңақорғандық қыздар күміспен сүйіншіледі. Алты күнге созылған додада Қызылорда облысының намысын қорғаған Түгіскен елді мекенінің №8 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің гандболшылары керемет нәтижеге қол жеткізді. Құнанбай Салыбековтің төл шәкірттерін құттықтап, өрендермен пікірлескен едік.


Біздің бұрымдылар алдымен павлодарлықтармен кездеседі. Тар­тысты өткен ойында аққорғандық арулар айласын асырды. Одан кейін ақтөбеліктермен жолы түйісті, жеңіс біздің құрамада. Жартылай сында елордалық бұрымдылар да біздің қыздарға жол берді. Ал ақтық сында Құнанбай шәкірттері шымкенттік жастарға жол берді.
– Жарыс жоғары деңгейде ұйым­дастырылды. Шәкірттерімнің алғашқы биігі бұл, алда талай сындар күтіп тұр. Команда құрамында ойнаған спортшылар осы жүлдесі арқылы «Спорт шеберіне үміткер» нормативін орындады. Келер жылы чемпион атануға жұмыс жасаймыз, – деді Құнанбай бапкер.
Гандболдан бірінші дәрежелі жаттықтырушы Құнанбайдың дайын­даған Түгіскен спорт мектебінің 2005 жылы туылған жасөспірім қыздар командасы 2019 жылы Қарағандыда өткен ел чемпионатында қола жүлдені еншілеген болатын. Енді міне, олардың ізінен ерген гандболшылар күміспен қуантып отыр.
– 2015 жылы Түгіскен спорт мектебінде гандбол бөлімшесі аш­лып, жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда мектепте 64 спортшы ганд­болмен шұғылданады. Айтулы спорт мектебінің гандбол бөлім­шесінің спортшысы Жанерке Сейіт­қасым Қазақстан Ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсетеді. Спортшылардың алар асулары әлі алда деп білеміз, – №8 спорт мектеп директоры Әбдісаттар Садықов.
Гандболшы қыздармен мақтана аламыз. Жанерке бастаған бұрым­дылар қазір аудан мерейін үстем етіп келеді. Ұлттық құрама сапында жүрген Жанеркенің ізін басқан жас өрендердің асуы алда.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
06 сәуір 2021 ж. 690 0