№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Құнанбай қыздарының қарқыны қатты

Құнанбай қыздарының қарқыны қатты


Қаттысына қатты, спартакиада да барлық қарсыластарын ірі есеппен ұтып, фаворит кім екенін көрсетіп берді. Облыстық сында тек қала құрамасына есе жіберіп жүретін Құнанбайдың қыздары бұл жолы аудандардан келген қарсыластарды қапы қалдырды. Алдымен Қазалының командасымен кездесті. 11 доп айырмашылығымен басым түскен біздің қыздар тобында көш бастады. Одан кейін, Шиеліні 39:9 есебімен ұтып, ақтық сынға бірден жолдама алды. Қарсылас Сырдария құрамасы.
– Мақтанғанымыз емес, ақиқатында біздің қыздар қазір нағыз бабында. Ұлттық құрама сапында бір шәкіртім, облыс құрамында жеті бірдей оқушым ойнайды. Бұл аудан гандболы үшін үлкен жетістік. Бұл дода бізге қиындық тудырмады. Алда мақсат көп, енді облыс біріншілігін бағындырсақ деген жоспарымыз бар. Оған қыздардың толық әлеуеті жетіп тұр. Қалғанын уақыт көрсете жатар, – деді Құнанбай Салыбеков.
Иә, аядай ғана ауыл – Келінтөбеден аудан абыройын асқақтатар арулар шықты. Олардан күтеріміз көп, олардың ізін ала кентте де гандбол мектебі қаланып, гандболшылар өсіп келеді. Нәтиже жақсы, ең бастысы, бұл спорт ауданда қарқын алды. Соңғы айқаста біздің арулар сырдариялық сұлуларды 28:14 есебімен ұтып, тағы да мықты екендерін көрсетіп берді. Көпті тәнті еткен гандболшы қыздарға жанкүйерлер де алғысын жеткізді.
– Ойын керемет өтті, қол добының қарқыны осынша дәрежеге жеткені қуантады. Бұйырса, бұрымдылардың барлығын ұлттық құрама сапында көруді жазсын, – деді спорт ардагері Ахмет Нақып ағамыз.
03 қараша 2021 ж. 605 0