№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кент тазалығы ұдайы назарда

Кент тазалығы ұдайы назарда



қар селден тазарып, жер қарайып көктем лебі сезіле бастады. Наурыздың алғашқы екі сенбілігінде атқарылған жұмыстың нәтижесінде кенттің ажары кіріп, қаншама қоқыстан арылдық. Тазалық науқанының тыныстіршілігімен танысып, ұжымдық науқанда көңілге қонған ойымызды қағазға түсірдік.
Биыл көктемгі тазалық жұмысынан ерекше қарқынды байқадық. Кент ішіндегі 12600 түп ағаштарды бұтап, әктеу басталды. Алғашқы он күнде он мыңға жуық талтерек күтімге алынды. Жол жиегін әктеп, жолаушылар жолы қоқыс қалдықтарынан тазартылуда. Алғашқы сенбілікке 32 мекеменің қызметкері қатысса, екінші сенбілікке 380 адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық негізде қызмет етушілер және ерікті кент тұрғындары бар. Кенттің 130-ға жуық көшелеріне тазалық жұмысын жасау үшін жүйелі жоспар түзілген. Осы жоспарға сай наурыз мерекесіне дейін көше комитеттеріне өз аумақтарында тұрғындарды сенбілікке тарту мәселесі түсіндірілді. Науқанды қолдап, қол көмегін тигізген М.Есболғанов, Алдамжар және С.Құрманғазы көшелерінің тұрғындарының берік ынтымағы байқалды. Өткен жылы «Еең таза көше» атанған А.Аюпов көшесінің комитеті Үмбет Абибуллаевты сөзге тартып едік: – Наурыз – тіршіліктің бастауы. Біз әр сенбілікте тазалық жұмысын жасауды әдет еттік. Биліктің пәрменін күтпей-ақ, жастар өздері құлшына іске кірісті. Елдің алды болып, наурыз тойымызды көше тұрғындарымен атап өттік, – деді ол.
Ұжым болып сенбілікте белсенділігін байқатқан Жаңақорған аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Иса Әбубәкір: – Біз мекеменің ішінде жайлы жұмыс жасауымыз үшін ішкі және сыртқы тазалыққа аса мән береміз. Тазалық жақсы энергия сыйлайды деп сенеміз. Мекеме маңының тазалығын күнделікті атқарамыз. Сенбілікте Ы. Алтынсарин көшесінің тазалық жұмыстарын жүргіздік. Қосымша жұмыс тобын құрып, үлгере алмай жатқан жерлестерге жәрдем еттік. Сенбілік жұмысына алдағы уақытта да белсенді араласамыз, –деді. Кент бойынша сенбілікте 4 техникалық көлік қызмет көрсетті. Нәтижесінде 60 тонна-дан астам қалдық қоқыс палигонына тасталды. Айта кетейік, тұрғындар арасында тазалыққа немқұрайлы қарайтындар тиылмай тұр. Үй жануарларының өлексесін көшеге тастап, эпидемиологиялық ахуалды туындатуда. Шіркей үймелеген өлекселерді де жойып, 17 жерге бақылау камерасын қосты. Жергілікті полиция өкілдері де қатаң қадағалау жұмысын бастады. Енді қоқыс қалдықтарын көшеге тастайтындарға әкімшілік айып тағайындалатын болады.
ТҮЙІН. Сенбіліктен қайтар жолда жаңа ғана ақтаған талтеректі таптаған төрт тұяқтыны көргенде есіл еңбектің еш кеткеніне ішіміз ашып қалды. Мал иелерінің салғырттығынан көше кезіп, кез-келген жерге жапасын тастаудан танбайтын мүйізді ірі қараға тұсау болмай тұр. Осындайда біздің кент тұрғындарының ортақ отанымызға деген құрметінің жоқтығына күйесің. «Тазалық – баршамызға ортақ» деуден бізде жаңылмаймыз!

                                                                                                                                          Мақпал Марқабай
20 қазан 2023 ж. 328 0