№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бар жақсылық балаларға

Бар жақсылық балаларға



Жаңақорған кентінде көптен күткен №169 Н.Илялетдинов атындағы мектепке апарар жолды жаңғырту жұмысы басталды. Оқушыларға арналған жаяу жүргіншілер жолы құрылысының тұсаукесер рәсіміне куә болдық. Ауданның батагөй ақсақалдары ақ батасын беріп, мердігер мекеме іске кірісті. Іс басында жүрген кент әкімі Асқар Ибрагимов бастаған кент әкімдігінің қызметкерлерінен мағлұмат алып, жұмыс жобасын таразыладық.
Иә, бұл жолды жаңа мектептің оқушылары 3 айдан бері күтті. Әсіресе, Шанхай аумағы, яғни М.Көкенов, Амангелді, Ақмешіт және Нақыпов көшесінің балалары аяқ жол салынып бітсе арқаны кеңге салып, мектебіне алаңдамай жетер еді. Қыста қар, көктем мен күздің жаңбырлы күні жолсызбен қатынаудың қиындығын ескерген аудан басшысы ертерек қамдануды тапсырған еді. Тапсырма дер кезінде қолға алынып, мердігер компания бүгіннен бастап білек сыбанды. Карта бойынша орталық­ тан қатынайтын оқушылар Байкен­ жеев көшесі арқылы жүрмейді, Жеңіс паркімен өтіп, көлдің бойымен мектептің қақ алдынан шығады. Екінші жол базардың артқы жағы және “Арнайы” балабақша жанымен жүретін жол арқылы стадионды айналып мектепке барады. Алдымен кент тұрғындарына әкім Асқар Ибрагимов карта арқылы барлық жағдайды баяндады. Ұсы­ ныс-пікірді де тыңдап, ақылдасуға уағдаласты. – Жалпы көлемі 1400 метрді құрайтын бұл жолдың жалпы жобасметалық құжатына 36 млн теңге қаралған болатын. Мердігер 22 млн 117 мың теңгеге ұтып алып, қызметіне кірісті. Жолдың ені 1,5 метрді құрайды, тапсырыс беруші кент әкімдігі. Құрылысты бітіру кезеңі мамыр айының 8-не деп келістік. Айта кететіні, бұдан бөлек Бекмахан Дүйсенбаев көшесінде жолдың қос бетінен тротуар жүргізулде. Сол секілді биылғы жобада Байкенжеев және Нақыпов көшесіндегі жаяу жүргінші жолының құжаты дайын. Бюджеттік өтінімге ұсынылатын болады, – деді кент әкімі аппаратының бас маманы, әрі осы салаға жауапты қызметкер Бақытжан Мұзапаров. Жеңімпаз мекеменің директоры Жасұлан Бердиев Жаңақорғанның тумасы екен. Сондықтан әкімнен бастап ата-аналар сапалы қызмет жасауға талап қойып отыр. – Құдай қаласа қазыналы қариялардың ақ батасымен жұмысты бастадық. 1400 метр қашықтықты абаттандыру жұмысы жүргізуді міндеттеп алдық. Алдымен жолды реттейміз, содан соң жарық түсіріп, демалатын орындарды да жасайтын боламыз. Қоқыс тастайтын урна, яғни жәшіктерді де орнатамыз. Мекемеміз тәжірибесі мол, бұйырса 2 айдың ішінде құрылысты толық аяқтаймыз, – деді “Рустрой” ЖШС директоры. Базардан стадионға барар жолды байланыстыратын кішкене көпірді реттеу де осы мекеменің мойнында. Бұл жолдың игілігін тек оқушылар ғана көрмейді, Стадион жақтағы көше тұрғындары орталыққа осы жол арқылы өтетін болады. Бұрынғыдай шаң-тозаң, шөп-шалаңның арасымен емес, заманауи абаттанған жолмен қатынайтын болады. Басталған істі сүйіншіледік, қайнаған жұмыс ортасында, біткен соң лента қию рәсіміне келуді бұйырсын деп тілек білдірді тұрғындар.

                                                                                                                                          Әлібек Жарықбаев
15 наурыз 2023 ж. 279 0