№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрылыс жұмыстары сапалы және мерзімінде атқарылуы тиіс

Құрылыс жұмыстары сапалы және мерзімінде атқарылуы тиіс


Облыс әкімінің орынбасары Серік Жүсіпұлы Сүлейменов, Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемовпен бірге Жаңақорған кенті, «Маи бекеті» мөлтек ауданында жаңадан салынып жатқан 300 орындық және Б.Байкенжеев көшесінің бойындағы 600 орындық №169 мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.


Облыс әкімінің орынбасары алдымен (жоба құны 832 066,4 мың теңге) Жаңақорған кенті, «Маи бекеті» мөлтек ауданында жаңадан салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысын көрді. Мердігер мекеме «Қазқұрылыссервис» ЖШС өкілі құрылыс жұмыстарының жай - күйі жайында баяндады.
- Осы жылдың наурыз айында мектептің жер қазу, іргетасын қалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 100 млн теңге қаржы бөлінді. Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2021 жылға жоспарланған, алайда мердігер компания басшылығы «Үстіміздегі жылдың сәуір айында мектеп құрылысын осы жылдың аяғына дейін аяқтап, толық пайдалануға беріледі» деп маған хат жолдаған болатын. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының баяу жүргізіліп отырғандығы алаңдатушылық тудырып отыр. Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 1 қазанға дейін мектептің бірінші қабатын, ал 1 желтоқсанға дейін екінші қабатын аяқтап, шатырын жабуды тапсырамын, - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов
Мұнан кейін облыс әкімінің орынбасары Жаңақорған кенті, Б.Байкенжеев көшесінің бойындағы 600 орындық №169 мектеп ғимаратының құрылысы барысымен танысты. Құрылыс компания өкілі бүгінгі таңда бөлінген қаржының 201000 мың теңгесі игерілгенін, яғни мектептің жер учаскесінде жер жұмыстарын қазу, ыза суды жою, қазылған котловандарды қиыршақ таспен толтыру және ВЛ – 10 кв жоғарғы кернеулі әуе электр желісін тарту жұмыстары атқарылғандығын баяндады. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов атқарылған жұмыстарды толық тыңдап, құрылыс жұмыстарына қосымша жұмысшылардың санын екі – үш есеге көбейтуді сондай ақ, қараша айына дейін мектептің екі қабатының, желтоқсан айына дейін мектеп ғимаратының үшінші қабатын толығымен аяқтап, шатырын жабу қажеттігін тапсырды.Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2021 жыл, жалпы жобалық құны - 2 117 372 мың теңге.
Айта кету керек, қазіргі қолданыстағы №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектептің оқу процесіне пайдалануға жарамсыздығы және жаңадан салынатын 600 орындық мектеп ғимаратын орналастыруға құрылыс нормативтеріне сәйкес жер көлемі жеткіліксіз, сонымен қатар, қазақ – орыс орта мектебіне баратын оқушылардың басым бөлігі негізінен теміржолдың батысынан және кент орталығынан болғандықтан 600 орындық қазақ – орыс орта мектептің құрылысына Бексұлтан Байкенжеев көшесінің бойындағы орталық стадион жанындағы бос жер учаскесі таңдалған. Себебі, осы таңдалған жер учаскесі толық инфрақұрыммен (газ, ауыз су, электр желісі, байланыс желісі, аяқ сумен) қамтылған.

Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз қызметі
05 қыркүйек 2020 ж. 579 0