Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Гурбаноғлы Бердімұхамедов немересімен рэп стиліндегі әнді шырқады

Гурбаноғлы Бердімұхамедов немересімен рэп стиліндегі әнді шырқады


Түрікменстан президенті Гурбаноғлы Бердімұхамедов немересімен бірге рэп стиліндегі әнді шырқады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бердімұхамедов қазіргі уақытта Каспий теңізінің жағалауында демалуда. Ол «Спортты Түрікменстан» атты өлең жазған, ал немерісі Керимғұлы оны ағылшын тіліне аударып, әнін жазған.
Олар жаңа әндерін музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен рэп стилінде орындап шыққан. Әннің қайырмасын кезек-кезекпен орындаған, президент түрікмен тілінде айтса, немересі ағылшынша шырқаған. «Спортты Түрікменстан» әні күзде өтетін "Амуль-Хазар 2018" халықаралық автораллиге және түрікмен спортының жетістігі мен көркем табиғатына арналған.
Бұған дейін хабарланғандай, Гурбаноғлы Бердімұхамедов ралли автокөліктерін жеке өзі жинап, жобасын құрған. Тіптен оның мүмкіндігін сынақ жарысында да тексеріп көріпті.
12 шілде 2018 ж. 1 024 0