№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бүгіннен бастап Қазақстанда не өзгереді

Бүгіннен бастап Қазақстанда не өзгереді


Қазақстан Түркияға рейстер санын шектеп, әуе байланысы қалпына келтірілген елдерге рейстер санын көбейтпейді
Дүйсенбіден бастап Қазақстанда бірқатар шектеулер күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz.

Әуе қатынасына шектеу
5 қазаннан бастап Қазақстан басқа елдермен әуе қатынасын қайта жандандыруды тоқтатады. Ал бұрын рұқсат етілген бағыттар бойынша рейстер қызметін жалғастыра береді. Коронавирус індетінің елге "тасымалдануының" алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.
Атап айтқанда:
•басқа елдермен рейстердің қайта басталуын тоқтатылады;
•әуе қатынасы қалпына келтірілген елдермен рейстер саны көбейтілмейді;
•Түркияға рейстер санын азайтылады;
•екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін: термометрия мен сауалнама толтыру және мерзімі үш күннен аспайтын COVID-19 тексерісінен өткенін растайтын анықтама талап етіледі.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой егер келушілердің анықтамасы болмаған жағдайда коронавирусқа зертханалық тексеріс жүргізу үшін карантиндік стационарда екі күн бойы оқшауланатыны туралы айтқан.
"Коронавирустық зертханалық тексерудің нәтижесін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады. Ал теріс нәтиже болса, оларды баратын жеріне жеткізеді", – деп атап өткен Цой.
Мұндай талаптар ЕАЭО елдерімен және Өзбекстанмен арадағы өткізу пункттерінде мемлекеттік шекарадан өтетін адамдарға қойылатын болады.
Айта кетейік, 6 қазаннан бастап Қазақстан шетелдіктерге соңғы 72 сағат ішінде жүргізілген COVID-19-ға теріс нәтиже көрсетілген анықтамасыз кіруге тыйым салады.
Алайда, бұл ереже сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелеріне қолданылмайды. Сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің және Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері немесе транзиттік халықаралық жүк тасымалымен айналысатын тұлғалардан талап етілмейді.
Ал анықтамасы жоқ қазақстандықтар стационарға екі күндік карантинге жіберіледі, сол жерде олар COVID-19-ға тексеріледі.
Мектептер тексеріледі
5 қазанда қазақстандық мектептер "арнайы тапсырыс бойынша" тексеруді бастайды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
Бұған дейін тексерілген 697 мектептің 134-інде санитарлық нормалар бұзылған. Сонымен қатар, ауыл мектептерінде мұндай олқылықтар көптеп анықталды.
Осы тексеру нәтижесі бойынша комиссия мектептердің екінші тоқсанда дәстүрлі оқу сабақтарын қалпына келтіруге дайындық жағдайын бағалайды.
Вице-премьер Ералы Тоғжанов әкімдерге заңбұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
"Мектептердің дайындық жағдайы бағаланады. Бұл екінші тоқсанда мектептердің жұмысын қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған кезде ескерілетін болады", – деп хабарлады комиссия.
Қазір оқушылардың шектеулі саны кезекші сыныптарға барады. Ал өзге қазақстандық оқушылар онлайн-форматта оқып жатыр. Соның өзінде коронавирустың көп жағдайлары тіркелуде.
05 қазан 2020 ж. 488 0