Соңғы жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

15 қыркүйек 2026 ж. 59

АДАСПАЙЫҚШЫ, АДАМДАР!

15 қыркүйек 2026 ж. 60

Қош-қош айтып, құстарға...

15 қыркүйек 2026 ж. 59

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақстан шетелге әуе рейстерін тоқтатады

Қазақстан шетелге әуе рейстерін тоқтатады

Қазан айының 5-нен бастап Қазақстаннан басқа елдерге қатынайтын әуе рейстері тоқтап, Түркияға ұшатын рейстер саны қысқаруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет басшысына ұсыныс білдірді.
«Басқа мемлекеттерде жағдайдың ушығып тұрғанына байланысты, вирустың елде таралуына жол бермес үшін басқа елдермен қосымша әуе рейстерді уақытша тоқтатуды сұраймын. Сонымен қатар, әуе қатынасы қайта жанданған елдерге рейс санын арттырмай, Түркияға рейстерді қысқартқан дұрыс деп ойлаймын", – деді Цой.
Елімізде екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға арнайы талап қойылды. Олар:сауалнама толтыру, дене қызуын өлшеу және COVID-19 анықтайтын тест нәтижесі 3 күннен аспауы керек.
Азаматтарда тест анықтамасы болмаған жағдада, олар карантиндік стационарға жатқызылады.
"Мұндай талаптар өткізу бекеттерінде ЕАЭО елдерімен және Өзбекстанмен әуе өткелдерінде мемлекеттік шекараны кесіп өткендерге де қатысты. Сол себепті әкімдерге шекараны кесіп өту бекеттерінде карантиндік стационарлар мен тестілеуді ұйымдастыруды тапсыруды сұраймын", – деді ол.
30 қыркүйек 2020 ж. 710 0