№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жер жүзін айналып жүр жалғыз тілек

Жер жүзін айналып жүр жалғыз тілек

8 наурыз – Аналар мерекесінде аудандық полиция бөлімі басшылығы осы саланың ардагері, 68 жас тағы зейнеткер, отставкідегі милиция майоры Наталья Чулкованың шағырағына арнайы бас сұғып, сыйлықтары мен гүл шоғын табыстап, халжағдайын біліп қайтуды парыз санапты. Наталья Гетманқызы қуанышын бөлісіп, бізбен хабарласты. Ал біз Наташа апаны бұрыннан жақсы білеміз және құрметтейміз. Оны ерекшелеп тұратын елгезектігі, қонақжайлығы, сенгіштігі, досқа, жақынға келгенде жүрегін жұлып беруге әзір ақпейілділігі, қазағыңнан артық бауырмалдылығы.
Бұл кісі 30 жыл ішкі істер саласында қызмет атқарды. Ауданда жасөспірімдер жөніндегі инспекцияның бастығы болды. Наташа апайдың өмір жолына тоқталсақ, ол былай өріледі. Ол 1952 жылы Төменарық кеңшарында туылған. 1970 жылы ауылдағы «Горняк» орта мектебін бітірді. Кішкентайынан сақшы болуды қалады. Бірақ ол кезде арнайы оқу орнына түсу үшін екі жыл тәжірибеден өту керек. Осы мақсатта аудандық ішкі істер бөліміне хатшы болып жұмысқа орналасты. Сол кездегі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұрмағанбет Махатовтың жолдамасымен жоғары милиция мектебінде оқып, мамандық алды. Ең алғашқы сақшылық қызметін аудандық ішкі істер бөлімінде балалар бөлмесі инспекторлығынан бастады. 1989 жылдан бастап атауы жасөспірімдер жөніндегі инспекция болып өзгерген бөлімнің бастығы қызметін атқарды. Осы салада табан аудармай қызмет етіп, 1998 жылы зейнетке шықты. Екі перзенті бар. Қазір ұлы Денис Алматыда қаржыгер, Қызы Лена ірі кәсіпкер. Екеуі аналарын жанына алуға ниетті болып, жалынып-жалпайып, Алматыға апарып алғанымен ауыл жаққа алаңдаған көңілін қимай, Жаңақорғандағы қарашаңырақтың орнына жаңа үй салып беріпті. Бұл отбасына мереке күні тосыннан келдім десем де, менен бұрын келіп, дөңгелек жозыны жағалай жайғасқан Сара, Ұлбазар, Гүлжан апаларымның үстінен түстім. Қазанда былқылдап ет қайнап жатыр. Араласып-құраласып екінің бірінде шұрқырасып жататын туыс, туған, қоңсы-қолаңның кіршіксіз сыйластығына не жетсін. Қаладан қашқандай болып келіп, жағасы жайлауда отырған корей қызының жайы енді түсінікті болды. Ата-бабалары 37 - жылдары Қиыр Шығыстан жаппай депортацияның кезінде қазақ жеріне аяқ басқан екен. Арал теңізі станциясына келгенде түсіріліп, жергілікті халықтың кең қолтығынан пана тауыпты. Елу тоғызыншы жылдардан кейін бастарына еріктерін алып енді қайда барамызға келгенде атамекенге тартып отырмай, Сырдың бойын жағалап Жаңақорғанның Төменарық елді мекеніне келіп қоныстанған екен. Біздің кейіпкеріміз – Наташа бір үйдегі алты баланың бірі болған. Әкесі Пягай Гетман ауылдағы орта мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі болған, анасы Хен Сунха үй шаруашылығында балаларды тәрбиеледі. Барлығы жоғары білім алып, жан-жақта ел экономикасына өз үлестерін қосып келеді. – Біздің осындай дәрежеге жетуімізге ата-анамыздың бірінішіден қаталдығы, екіншіден еңбекқорлығы дәлел. Олар бізді де еңбекке тәрбиеледі. Мектептен оралған соң шаруашылықта тырбанып еңбек еттік. Неге екенін, ауылдың бәрі шемішке егетін. Біз соның ортасында өстік. Балалық шақты еске алсам, алтындай басын иіп тұратын күнбағыс көз алдыма келеді. Негізі, адам өмірінің алтын бөлігі ғой балалық шақ. Ауылда неше түрлі ұлт өкілдері – орыс, қазақ, грек, кәріс, шешен баласы есекке мініп, бірге күліп-ойнап, егістікке қарай жарысып баратынымыз әлі есімде. Біздің осы өмірімізді балаларымыз жалғап жатыр. Денис те, Лена да қазақшаға судай, екеуін де бала күнінде қазақ балабақшасына бергенмін. Достарының барлығы қазақ. Немерелерім қазақша тәрбиеленіп жатыр. Өйткені кіндігіміз қазақ топырағына байланған. Балалық шағым өткен Төменарыққа жиі барып, әке-шешемнің басына зиярат етемін. Сондағы ағайынның өлген-жіткен, тойтомалағынан қол үзбеймін. Маған ауыл ыстық, Ауылдың адамдарының қалтқысыз құрметі қымбат, - дейді Наташа Чулкова. Ия, жер бетіндегі барлық ананың тілегі - бір. Ол – бірлік. Ол – бейбітшілік. Қалғанынынң барлығы адам еңбегімен жасалады.

                                                                                                                               Баян Үсейінова
11 наурыз 2023 ж. 147 0