№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әскерге бару – азаматтық борыш

Әскерге бару – азаматтық борыш

2021 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскери бөлімдеріне әскерге шақырылушы азаматтарды зерделеу және іріктеу жұмыстары, Петропавл қаласы Ұлттық Ұлан әскери институты Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министріне қарасты оқу орнына түсу бойынша 5547 әскери бөлімі штаб бастығының жас шақырушыларды іріктеу және зерделеу бойынша аға көмекші капитан Қ.Әуелов, Қызылорда облысы полиция департаменті АжЖБ аға инспекторы полиция майоры Б.Альмаханов және Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесінің бастығы майор Ж.Шанкулов ауданымыздағы 163 жалпы орта мектебінің жоғары сыныптағы жас буындарымызға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңдағы мерзімді әскери қызметшілердің және институт курсанттарының білімдерін жоғары дәрежеде алып жатқандарын, азық-түлік, киім-кешекпен толық қамтылғанын түсіндірді. Б.Альмаханов әскерге шақырылушы жастарды яғни, әскерге шақырушылардың әскер қатарынан жалтарған немесе жалтару үшін жалған құжат рәсімдеген азаматтарды Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 387- ші бабында мың айлық есептік көрсеткіш немесе бас бостандығынан шектеу немесе айыру туралы толығырақ түсіндірме жүргізді.
11 сәуір 2021 ж. 743 1

Анара от 11 сәуір 2021 21:05
Дұрыс! Әскерге бару – азаматтық борыш