№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тәуелсіздік құрдасы: Қырағы құқық қорғаушы

Тәуелсіздік құрдасы: Қырағы құқық қорғаушы

Бүгінде полиция бөлімінде белсенді болып, қоғамдық жұмыстардың жанынан табылатын құқық қорғау саласының қырағы маманы ретінде Арыстанбек Төлешовті танимыз. Шын мәнінде бұл бөлімде тәуелсіздік құрдастары аз емес. Көпшілік шаралар мен жиындарда Арыстанды жиі кезіктіреміз. Арыстанбек бұл салаға кездейсоқ келген жоқ. Әкесі Нұралы 26 жыл осы салада абыройлы қызмет жасады. Азаматтардың құқы мен қоғам мүлкін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бар саналы ғұмырын арнады. Түгіскен ауылындағы №209 Әнуар Әбуталипов атындағы орта мектебін тәмамдаған соң, яғни 2009 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Қостанай Академиясына оқуға түсті. Оны 2013 жылы тәмамдады. Сол жылдың наурыз айынан бастап Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімі патруль күзетінде, жол полициясы патрулінде қызмет жасады. Одан соң, кадр бөлімі инспекторы болды. Қазірде аудандық ішкі істер бөлімі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы.
– Өз басым жасөспірімдермен жұмы­сымда халықтық тәрбиенің қайнар көзі – ұлттық үрдістерімізді үлгі етемін. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, аманатқа қиянат жасамау, біреудің ала жібін аттамау сынды жүз жылда да құндылығын жоғалтпас қадір-қасиетімізді жас ұрпақ бойына дарыту тәлімгерлердің ғана емес, ұлттың қамын ойлаған тұтас зиялы қауымның міндеті. Осы бағытта мектепте өтетін рухани шаралардың барлығына қатысып, маман ретінде кеңес беруден жалыққан емеспін, – дейді ол.
17 желтоқсан 2021 ж. 262 0