Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заңсыз аңшылық үшін жауаптылық

Заңсыз аңшылық үшін жауаптылық

Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тунгышбаев сотталушылар Ә., А-ке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 2), 4)-тармақтарымен қаралған іс бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушылар Ә., А. 2020 жылғы 17 қараша күні адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен, Жаңақорған ауданы Қаратөбе ауылына қарасты «Ерке-тақыр» деп аталатын жерге мемлекеттік тіркеуде жоқ «Урал» үлгісіндегі мотокөлікпен аңшылыққа шығып, аң атуға арнайы дайындаған жарық беру шамдарын жан-жағына жарық түсіріп келе жатып, жарық шамына түскен, ҚР «Қызыл кітабына» енген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген «Қарақұйрық» жануарын көріп тоқтап, жолаушы бөлігінде отырған сотталушы Ә. қолындағы аңшы мылтығымен 2 бас «Қарақұйрық» жануарын және 1 дана қоянды атып алып, мемлекетке жалпы 10 021 635 теңге шығын келтірген.
2021 жылғы 12 ақпандағы сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалып, сотталушылар жасаған қылмыстарын мойындап, мемлекетке келген шығынды өндіретіндерін көрсетіп, 2021 жылғы 19 ақпандағы сот үкімімен cотталушылар Ә, А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 2), 4)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеуге, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жылына бір жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған.
Азаматтық талап қоюшы «Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-нің талап қою арызы қанағаттандырылып, азаматтық жауапкерлер А. пен Ә-тен мемлекет пайдасына 10 021 635 теңге залал және 300 649 теңге мемлекеттік бажды ортақтасып өндіруге үкім етілген.
Брифинг соңында судья И.У.Тунгышбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес заңсыз аңшылық үшін қылмыстық жазаның қатаңдатылғанын атап өтті.
БАҚ тілшісі іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
25 ақпан 2021 ж. 409 0