Білікті маман – ел болашағы
Уақыт өтеді, заман өзгереді, бірақ заңдылық сақталып қалады. Білікті, білімді адамдар әр заманда да қажет болады. Ал медицинада тәжірибелі маманның орны бір бөлек. Ем өздігінен берілмейді, қарапайым екпе де өздігінен салынбайды.
Бүгінгі жаңа технологиялар, компьютерлер қаншалықты дамыған заман болса да, адамның жұмысын компьютер жасап бермейді. Білімді, әрі білікті дәрігерлер қоғамға әрдайым ауадай қажет. Сондықтан бүгін де, ертең де медицинаны майталман мамандарсыз елестету мүмкін емес.
Біздің кейіпкеріміз денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі дәрігер ретінде өз өңіріне кеңінен танымал деуге болады. Ол өз ісіне берілген азамат. Адам бойында мейірімділік, жауапкершілік, адалдық және тұрақтылық сияқты қасиеттері болу керек деп түсінетін ақ халатты абзал жан науқастарының жағдайына қатты алаңдайды. Олармен бірге аурудың халін түсініп, қашан сауығып кеткенше жандарынан табылып, жылы сөзін арнап бағады.
Жоғары санатты балалар хирургі және бірінші санатты балалар урологы Әлімжан Шағанбекұлы антына адал, адамгершілігі зор, ортасына беделді, сыйлы, еңбекқор, талапшыл, үлкен ізденістің адамы.
Төлегенов Әлімжан Шағанбекұлы –Жалағаш аудандық орталық ауруханасында дәрігер-хирург кызметін атқарып, кәсібі біліктілігін жетілдіру мақсатында, облыс денгейінде балаларға көмек көрсету үшін облыстық медицина орталығына балалар хирург дәрігер болып ауысты.
Өз саласының білікті маманы. Ұжым ықыласына бөленген Әлімжан Шағанбекұлы көпшілдігімен, еңбекқорлығымен, ізденімпаздығымен медицина саласының белгілі тұлғасы боларына сенім мол. Алматы НЦПиДХ орталыгында балалар урологиясы бойынша білім жетілдіріп, бірнеше рет семинар-конференцияларға қатысқан.
2019 жылы Жапон және Оңтүстік Корея мемлекетінде сала бойынша практикалық білім жетілдіріп қайтты.