Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дәрігер мерейі

Дәрігер мерейі

Мемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбіріміздің амандық-саулығымызды бақылайтын әрине ақ халатты абзал жандар.Уақытпен санаспай қызмет атқаратын, аса құрметті мамандық иелерінің атқарар жүгі де ауыр. Тіпті бұл мамандықтың ерекшелігі сол қателесуіне мүлдем болмайды. Сондықтан олар тәжірибелік білімін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде болады. Кейіпкеріміз Бағдат Бодықов та адал еңбегімен абырой биігінен көрініп, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын қолы алтын дәрігер қатарынан.
Емхана табалдырығын аттағаннан таңертеңнен ағылып келіп жатқан науқастар мен тынымсыз тіршіліктің куәсі боласың. Ақ халаттылардың өзіне жүктелген ауыртпалықтарға қарамастан, еш сыр бермей шыдамдылық пен мейірім танытып, жымиып жүргендеріне таң қаласың. Ал дертіне дауа іздей келген сырқат  жанның жағдайына бей-жай қарай алмайтын травмотолог Бағдат Оңталапұлы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың оңай емес екендігін де жасырмайды.
– Науқас жандармен жұмыс жасау оңай емес. Олардың ішінде ауырып тұрған соң көңіл күйі болмай, арасында ашуға бой алдыратындар да кездесіп жатады. Осындай кезде бізге психолог болуға тура келеді. Дерттінің алдымен көңілін жайландырып, жылы сөзбен емдеу күнделікті жұмысымыз. Ал басты міндетіміз осында келген науқастың әрбіріне жіті көңіл аудару, көпшіліктің алғысына бөлену, – деді дәрігер.
Травмотолог Бағдаттың айтуынша, жарақат алып келгендердің арасында көбінесе сынық, шыбықтың таюы, еті ауырып қалуы жиі кездеседі. Жалпы сүйек, буын, бұлшық ет, сіңір сияқты жарақаттармен келетіндер де бар. Жаңа туылған нәрестеден егде адамға дейін қарайтын дәрігер күніне елуге жуық пациентті қабылдайтынын, әсіресе бұл көрсеткіш қыс мезгілінде артатынын жасырмады.
Иә, адамзат денсаулығы үшін араша түсетін дәрігер мамандығы қашанда қасиетті. Әсіресе ол білікті, білімді болып, өз ісіне шынайы беріліп, жұмысына жауапкершілікпен қарайтын болса халық алғысына бөленері хақ. Өз ісін жетік меңгеріп, қызметіне адал болуды өзіне парыз санайтын дәрігер Бағдат Оңталапұлының  айтар кеңесі бар.
– Көптеген кісілер ауыра қалған жағдайда халықтық ем жолын қарастырады. Пайдасы барын да жоққа шығармаймын. Дегенмен жарақаты бар адам бірінші дәрігерге көрінгені жақсы. Кез келген жарақат травматологияда тексеруден өту арқылы анықталады. Мәселен, жарақат алып бірден келетін болса, бір-екі сағат ішінде біз тігіп немесе басқалай жолын қарастыра аламыз. Ал одан ұзақ уақыттан соң жүгінетін болса, ем нәтижесі төмендеп, яғни жарақат дұрыс бітпей қалуы әбден мүмкін, – дейді кейіпкеріміз.
Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып, бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген Бағдаттай дәрігерлердің еңбегі жоғары бағаға лайық. Өйткені әңгімелесу барысында бұл мамандықтың қыр-сырын ортасында жүрген жан ғана түсінетініне, машақатын көзімен көрген жан ғана бағалайтынына көзіміз жетті. Кейде пендешілікке салынып «дер кезінде көмек көрсетілмеді» деп назданып жататынымыз рас. Десе де, біреудің сырқаты жеңіл болса, біреулер өмір үшін күресіп жатады. Осындайда өзімізді сабырға шақырып, дəрігерлердің жұмысына түсіністікпен қарағанымыз жөн-ау деген ойға келесің.
Лаура БИБАСАРОВА
10 сәуір 2021 ж. 882 0