Істерді рәсімдеп, апелляциялық сатыға жолдау тәртібі талқыланды
Э.Серікбаева өз баяндамасында, апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы берілетінін, бірінші сатыдағы соттың судьясы мерзімінде берілген апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейін түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде берілетінін айтты.
Сондай-ақ үкім, қаулы жария етілген күннен бастап он бес тәулiк iшiнде апелляциялық шағымдар беріледі, прокурордың өтінішхаттары келтіріледі, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам оларды өзіне үкімнің, қаулының көшiрмесi табыс етілген күннен бастап дәл сондай мерзiмде бере алады деді.
Сонымен қатар, сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаулы табыс етілген күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға, жәбірленуші, жәбірленушінің заңды өкілі осы тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап беретінін, судьяның әкiмшiлiк қамаққа алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты жоғары тұрған сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты алынған күнi жіберілуге жататынын, сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаулы шығарған сотқа жiберiлетінін айтты.
Семинар соңында қатысушылар аталған тақырып жайында туындайтын түрлі сұрақтарды ортаға салып тақырыпты кеңінен талқылап, өз ойларымен бөлісті және баяндамашы тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі