№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНДА СУДЬЯЛАРДЫҢ СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНДА СУДЬЯЛАРДЫҢ СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік қаулысын оқып үйрену бойынша семинар өтті.Семиинарға аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, судьялар И.Тұңғышбаев, Э.Рыскулов және кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева қатысты.Семинарда судья И.Тұңғышбаев баяндама жасап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аталған нормативтік қаулысымен азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы айтты.

Судья соттың ерлі-зайыптыларды татуластыру үшін істі талқылауды кейінге қалдыру жөніндегі ұйғарымы бөтен адамдардың қатысуын және кеңес құпиясының жария етілуін болғызбайтын жағдайларда шығарылатынын, бұл ұйғарым істің одан әрі қозғалысына бөгет болмайтындықтан, АПК-нің 429-бабының жетінші бөлігене байланысты оған шағым берілмейді немесе кассациялық тәртіппен наразылық келтірмейтінін айтып өтті.Сондай-ақ істі талқылауды аудио-бейнежазба құралдарын пайдалана отырып тіркеп жазған кезде АПК-нің 282-бабының төртінші бөлігіне сәйкес қысқаша хаттама толтырылатынын түсіндірді.Судья азаматтық ісі сот талқылауына дайындауды, егер АПК-де және басқа заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою аразы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асыруы тиіс екенініне тоқталды.Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы соттың ұйғарымына жеке шағымды беру ұйғарымды орындауды тоқтатпатдынын, сонымен қатар талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою немесе қамтамасыз етудің бір түрін екіншісіне ауыстыру туралы соттың ұйғарымына шағым келтіру немесе прокурордың өтінішхатын қарау жеке шағымды немесе прокурордың өтінішхатын қарағанға дейін көрсетілген ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұратынын атап өтті.Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аталған нормативтік қаулысын кеңінен талқылап, қаулы талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне баса назар аударды.
Ақпарат: Жаңақорған ауданының баспасөз қызметі



30 шілде 2021 ж. 501 0