ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Жаңақорған аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен 2021 жылдың қорытындысы бойынша «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимінде баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы И.Ө.Тұңғышбаев, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаев қатысты.
Шара барысында аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы И.Ө.Тұңғышбаев 2021 жылдың 12 айында атқарылған жұмысы жайлы баяндады.
АУДАНДЫҚ СОТ ӨНДІРІСІНДЕ 2021ЖЫЛДЫҢ12АЙЫНДА:
96 адамға қатысты 67 қылмыстық іс;
796 азаматтық іс түсіп, 31 азаматтық іс соттылығы бойынша түскен;
547 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралып аяқталған.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША:
76 адамға қатысты 55 үкім шығарылған.
1 адам жөнінде 1 іске ақтау үкімі қабылданған;
9 адам жөнінде 8 іс бойынша қаулы шығарылып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған;
1 қылмыстық іс аудан прокурорына кері қайтарылып, 2 қылмыстық іс соттылығы бойынша жолданған.
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 7 қылмыстық іс түсіп, 7 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған.
Тоқтатылған 6-сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР «Медиация туралы» Заңы қолданылып, сотталушылар қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
2021 жылдың 12-айында басты сот талқылауында процестік келісімдер жасалып 9 адамға қатысты 6 қылмыстық іс қаралған;
Осы мезгілде аяқталған 66 істің 24-і қысқартылған тәртіппен қаралып, қаралған істердің 36, 3 пайызын құраған.
Сонымен қатар есепті кезеңде 12 қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым түсіп, оның 10-ы бойынша өзгеріссіз қалып, 2-уі бойынша үкімі өзгерген.
Жалпы, осы жыл мерзімде қаралған қылмыстық істер бойынша 19 жекеше қаулы шығарылған.
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША:
285 іс бойынша шешім шығарылған;
98 іс тоқтатылған;
100 сот бұйрығы шығарылған;
51 іс оңайлатылған тәртіппен қаралған;
дау медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бойынша 77іс
5-дауды партисипативтік рәсім тәртібімен, яғни тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен реттеу туралы келісім;
6-іс бітімгершілік келісімі бойынша жасалған;
23-іс медиятор судьяның татуластыруымен бекітілген;
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША:
465 әкімшілік іс бойынша жаза қолданылған;
73-іс тоқтатылған;
ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШІ:
289 тұлғаға әкімшілік айыппұл;
124 адамға әкімшілік қамаққа алу;
17 адамға арнайы құқықтан айыру;
28 адамға ескерту жасау түріндегі жазалар қолданылған;
Қазіргі таңда аудандық сотта соңғы өзгерістерге сәйкес сот жүйесін жаңғырту аясында тараптарға смартфонға жүктелген «TrueConf» қосымшасы көмегімен қашықтан сот отырысына келмей-ақ, бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік беретін «SMART» сот пилоттық жобасын жақсы нәтижелі жұмыс жасауда.
Бақ құралдарымен тығыз жұмыстар атқарылып, телеарна арқылы 2 рет сұхбаттар беріліп, 20 семинар сабақтары өткізілген.
Баспасөз конференциясын қортындылай келе сот төрағасының міндетін атқарушы алдағы уақытта сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып, алғысын білдірді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі